Білім • 24 Маусым, 2021

Шымкенттегі мектептерде адамның түр-тұлғасын анықтайтын жүйе орнатылады

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте биыл білім ұйымдарының материалдық-техникалық базасына көп көңіл бөлініп отыр. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов баспасөз брифингінде баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкенттегі мектептерде адамның түр-тұлғасын анықтайтын жүйе орнатылады

Мектептерді жабдықтауға 7 млрд теңгеге жуық қаржы қаралды. Қала мектептеріндегі оқу кабинеттерінің небәрі 32 пайызы жабдықталған. Сол себепті мектептер физика, химия, биология, робототехника, СТЕМ-ге арналған 278 арнайы пәндік кабинетпен жабдықталады. Жабдықталу 32 пайыздан 60 пайызға  өседі. 

Балалардың қауіпсіз ортада білім алуы үшін, іште әжетханасы жоқ 36 мектепке қосымша әжетхана салынып, бұл мәселе толығымен шешімін табады. Сонымен бірге, соңғы талаптарға сәйкестендірілген бейнебақылау мен адамның түр-тұлғасын анықтайтын кіргізіп-шығару жүйесі жаңа оқу жылына дейін 100 пайызға орнатылатын болады.