Аймақтар • 25 Маусым, 2021

Әскери ұшқыштар сыртқы аспада жүкпен ұшу жаттығуларын жасады

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының Авиациялық базасында Қазақстан Әскери-әуе күштері әскери авиациясының жеке құрамымен нұсқаулық-әдістемелік жиын өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әскери ұшқыштар сыртқы аспада жүкпен ұшу жаттығуларын жасады

Олар әскери ұшқыштардың ұшу шеберлігі деңгейін және нұсқаушы құрамның машығын арттыру, ұшу техникасындағы дағдыларды жетілдіру, сондай-ақ тәжірибе алмасу үшін ұйымдастырылған.

Жиынды қолбасшының бірінші орынбасары - ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштері штабының бастығы полковник Руслан Кунуров басқарды.

Ұшу тапсырмаларын орындау кезінде нұсқаушылар түнгі көру құралдарын пайдалана отырып тәуліктің қараңғы уақытында жергілікті жерде бағдарлау, таулы жерлерде ұшу және қону, сондай-ақ сыртқы аспада жүкпен ұшу сияқты мәселелерді пысықтады.

Ұшқыштар тікұшақпен еңістер мен шатқалдардан өту тапсырмаларын орындады, сондай-ақ 1500-ден 4000 метр биіктіктегі асулардың үстінен өтті.

«Сыртқы аспада жүгі бар тікұшақты басқарудың бірқатар ерекшеліктері бар, ол жүкті кабинаның ішінде тасымалдаған кездегіден де күрделі. Жүктің әр түрі үшін оның пішіні мен мөлшеріне байланысты тасымалдаудың өзіндік жылдамдығы бар. Ұшудың осы түрін орындаудағы жаттығулар әдетте салмағы бір тоннаға дейінгі жүкпен басталады, жүктің массасын біртіндеп максималды мәнге дейін арттырады», деді полковник Руслан Кунуров.

Бұдан басқа, жиындарда жас ұшқыштар құрамын оқытуға рұқсаты бар ұшқыш-нұсқаушылардың әдістемелік білімдері тексерілді, экипаждардың ұшуларға басшылық жасау тобымен өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша арнайы сабақтар өткізілді. Оқу қорытындысы бойынша ұшқыш-нұсқаушылар әр-түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындауға рұқсат алды

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше