Әлем • 25 Маусым, 2021

Ердоған мен Путин Қарабақ пен Сирия жағдайын талқылады

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ресейлік әріптесі Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ердоған мен Путин Қарабақ пен Сирия жағдайын талқылады

Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, көшбасшылар Түркия мен Ресей арасындағы рейстерді қалпына келтіруді, сондай-ақ коронавирусының жаңа түріне қарсы Sputnik V Ресей вакцинасын Түркияға жеткізу жайын талқылады. Мемлекет басшылары екіжақты қатынастардан бөлек, Таулы Қарабақ пен Сириядағы жағдай туралы да пікір алмасты.

«Таулы Қарабақ жайында пікір алмасу өтті. Оның ішінде атысты тоқтату және әскери операцияларды бақылау орталығының жұмысына оң баға берілді. Түркия Президенті Ресей, Армения мен Әзірбайжан басшыларының 2020 жылғы 9 қарашадағы және 2021 жылғы 11 қаңтардағы мәлімдемелерінде бекітілген келісімдердің толық орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі Ресейдің күш-жігерін қолдайтындығын білдірді», делінген хабарламада.

Сондай-ақ Владимир Путин АҚШ президенті Джо Байденмен Женевада өткен келіссөздерден алған әсерімен бөлісті.