Аймақтар • 25 Маусым, 2021

Б. Сағынтаев: Дағдарысқа қарсы шаралар Алматы экономикасының тұрақтылығын сақтап қалды

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінде Алматының биылғы жылдың 5 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Б. Сағынтаев: Дағдарысқа қарсы шаралар Алматы экономикасының тұрақтылығын сақтап қалды

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 5 айда 107,8%-ды құрады (ҚР - 102%). Өнеркәсіпте өсім 19,7%-ға (ЖӨӨ-дегі үлесі - 5,4%; а.ж. қаңтар-сәуірінде - 119,5%) қамтамасыз етілді, құрылыс 24,7%-ға өсті (2,7%; 132,9%), байланыс қызметтері - 13,4% (6%); 112,9%), сауда - + 4,7% (32,9%; 104,2%).

Пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі 13,3%-ға өсті, 570 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынды (572,4 мың шаршы метр).

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 32,7% өсіммен 355,4 млрд теңгеге жеттіі. 1,1 трлн теңге көлемінде салық жиналды. +27,8%. Республикалық бюджетке барлығы 791 млрд теңге (+ 26,8%), жергілікті бюджетке 349,3 млрд теңге (+ 30%) салық түсті.

Алматыда жыл басынан бері инфляция 3,4%-ды құрады, бұл республика деңгейінен төмен (ҚР - 3,5%). Азық-түлік тауарлары бойынша инфляция қалада республикалық деңгейде - 104,9%, азық-түлік емес тауарлар бойынша - 103,2% (ҚР - 103,1%), ақылы қызметтер бойынша - 101,6% (ҚР - 102,1%).