Спорт • 25 Маусым, 2021

Мәдениет және спорт министрлігі Винокуровтың жұмыстан шеттетілуіне байланысты мәлімдеме жасады

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрлігі  Astana-Premier Tech-тің бұрынғы бас менеджері Александр Винокуров «Тур де Франс» қарсаңында қызметінен шеттетілгеніне қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәдениет және спорт министрлігі Винокуровтың жұмыстан шеттетілуіне байланысты мәлімдеме жасады

Мәдениет және спорт министрлігі Astana-Premier Tech велокомандасы мен Олимпиада чемпионы, танымал шабандоз Александр Винокуровтың арасындағы жайдан бейхабар.

Еліміздегі спорт саласына жауапты мекеме болғанына қарамастан Министрлікке бұл ауыс-түйіс жайлы хабарланбады. Мәдениет және спорт министрлігін бұл жайт қатты алаңдатады.

Қазір «Астана» Президенттік спорт клубы мен оның қатарындағы барлық құрылымды Мәдениет және спорт министрлігіне беру процесі жүріп жатыр.

Жақын арада барлық процесс аяқталған соң Astana-Premier Tech велокомандасында болған жайтқа қатысты құқықтық баға беріледі.