Әлем • 25 Маусым, 2021

Парижге заңсыз келген мигранттар билікке талап қойды

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Африка мен Ауғанстаннан келген заңсыз мигранттар және қараусыз жүрген мигрант балалар Париждің орталығында өмір сүру жағдайларын жақсартуды талап етіп шатырлар тікті, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Парижге заңсыз келген мигранттар билікке талап қойды

Қала әкімдігі ғимаратының жанындағы акцияға 300-ден астам адам қатысты. 

«Қараусыз мигрант балаларға көмек көрсету» қоғамының жетекшісі Эсперанс Минарт Франциядағы жергілікті муниципалдық билік кәмелетке толмағандарға көмектесуден бас тартқанын, ал балалар айлап көшеде тұруға мәжбүр екенін айтты. 

л

Былтыр 24 қарашаға қараған түні француз полициясы Парижде шатыр тігіп отырған 500-ге жуық мигрантты таратты. Мигранттарға қарсы көз жасаурататын газ қолданылды, олардың кейбіреулері балалар болды. 

Көптеген журналистер, белсенділер мен саясаткерлер мигранттарды қолдап, полицияның зорлық-зомбылығын айыптады.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше