Медицина • 26 Маусым, 2021

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 17 адам қайтыс болды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда коронавирус пен коронавирус пневмониясынан тағы 17 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 17 адам қайтыс болды

Елімізде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 54 оқиғасы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 49 адам емделіп шықты, 1 тамыздан бүгінге дейін барлығы: сырқаттанды – 56840 адам, қайтыс болды – 981, жазылып шықты 52098 науқас.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, 24 маусымда ел өңірлерінде коронавирустан 14 адам көз жұмды.

Жалпы, 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 25 маусымына дейін коронавирус 416 442 адамнан анықталды, қайтыс болды – 4295 науқас. Аталмыш уақыт аралығында коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға 56 840 адам шалдықты, қайтыс болды – 3440 науқас.