Спорт • 26 Маусым, 2021

Отандастарымыз су добынан ерлер лигасының суперфиналында ойнайды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Грузия астанасы Тбилисиде су добынан ерлер әлемдік лигасының суперфиналы өтеді. Турнирге Қазақстан командасы да қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Отандастарымыз су добынан ерлер лигасының суперфиналында ойнайды

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің мәлімдеуінше, қазақстандық су добының шеберлері Жапония, Грузия және Италия командаларымен бірге А тобына түсті.

В тобына Черногория, АҚШ, Греция және Франция командалары енген.

Бірінші ойында Қазақстан құрамасы Италия командасымен кездеседі. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталады.

Соңғы жаңалықтар