Оқиға • 27 Маусым, 2021

СҚО-да сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлда өздігінен саусағындағы сақинасын шеше алмаған тұрғын құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, таңғы сағат 8.00 шамасында «112» номіріне Петропавлдағы 20-ықшамауданның 45 жастағы тұрғыны хабарласқан. Әйел саусағының ісіп, сақинаның шешілмей жатқанын айтқан. Құтқарушылар оған санаулы минутта көмек көрсетті.

«Сақинаны әйелге зиян келтірмей абайлап шешу қажет болды. Арнайы қайшыны қолдандық. Бұған дейін де бірнеше әйелге осындай көмек көрсеткенбіз. Ал бір жағдайда баланың саусағынан ойыншық дротиктің шығыршығын кесіп алдық», дейді құтқарушылар тобының жетекшісі Опал Жолдаспаев.