«27 маусымда сағат 02.55-те Павлодар қаласындағы Астана және Есеналиев көшелерінің қиылысында «Тойота Виндом» және «Лада Гранта» автокөліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан «Лада Гранта» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды», деді Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көліктер айып тұрағына жеткізілді. Қылмыстық бап бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.