Саясат • 28 Маусым, 2021

«Аманат» байқауының жеңімпаздары

172 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күні қарсаңында Сенатта журналистер арасындағы «Аманат» байқауының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады жоғары Палатаның баспасөз қызметі.

«Аманат» байқауының жеңімпаздары

Жеңімпаздарды жеңістерімен және кәсіби мерекелерімен құттықтаған Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев пан­демия кезінде журналистер мен басқа да БАҚ қызметкерінің рөлі аса ма­ңызды болғанын атап өтті. Олар­дың қа­жырлы еңбегінің арқасын­да қазақ­стандықтар елдегі ахуалды, індетпен күрес бары­сында қолға алын­ған шара­ларды, мем­лекеттің дамуы жо­лында қабыл­данып жатқан аса маңыз­ды заңдарды дер кезін­де біліп отырды.

«Пандемияға және қабылданған шектеулерге байланысты биыл екінші жыл қатарынан журналистер қиын жағдайда жұмыс істеуде. Соған қарамастан, сіз­дер кәсіби біліктіліктің биігінен көрі­ніп, азаматтарымызды маңызды ақпарат­тармен дер кезінде таныстырып, өзекті мәсе­лелерге арналған репортаждар мен сарап­тамалық материалдарыңызды уақты­лы жариялап келесіздер. Осындай белсен­діліктеріңіз үшін сіздерге алғысымызды білдіреміз», деді Сенат Төрағасы.

М.Әшімбаев Мемлекет басшысы Қазақ радиосының 100 жыл­дығына орай 1 қазанды ресми түрде «Радио қызмет­керлерінің күні» ретінде жариялауды ұсынғанын айтты.

Биыл байқауға 100-ге жуық жұмыс келіп түсті. Қатысушылар арасында те­­­ле­арна, радио, газет, ақпараттық портал­­дар және басқа да БАҚ тілшілері бар.

«Байқауға ұсынылған барлық материал – жоғары кәсіби деңгейдегі жұмыстар. Арнайы комиссия олардың арасынан ең үздіктерін іріктеп алды. Бар­лық жеңімпазды бүгінгі жеңістері­мен құттықтаймын», деді М.Әшім­баев.

Сондай-ақ Сенат Төрағасы биыл бай­қауға белгілі қазақстандық журналис­тер Нұртілеу Иманғалиұлы мен Ми­хаил Дорофеев атындағы екі жүлде қо­сыл­ғанына назар аударды.

«Нұртілеу Иманғалиұлы мен Ми­хаил Дорофеев – отандық журналис­тиканың дамуына үлкен үлес қосқан қаламгерлер еді. Олар талантты журналист қана емес елі­міздің нағыз патриоттары болды. Нұр­тілеу аға мен Михаил Дорофеевтің жар­қын бейнелері әрқашан біздің жады­мызда сақталады. Олардың еңбекке де­ген адалдығы, кәсіби шеберлігі мен мол тәжірибесі жас журналистер үшін әрда­йым үлгі-өнеге болып қала беретіні сөз­сіз. Сенат тағайындаған арнайы жүлделер осы бағытқа да өз ықпалын тигізеді деп сенеміз», деді М.Әшімбаев.

«Аманат» байқауының биылғы жеңімпаздары мыналар:

Үздік телевизиялық материал – Ин­дира Жылқайдарова («Хабар» телеарнасы) және Светлана Пенькова («Первый канал «Евразия»);

Үздік радиоматериал – Дулат Әбибуллаев («Qazaq radiosy»);

БАҚ басылымдарындағы үздік жарияланым – «Атырау» газетінің ұжымы және Оксана Скибан («Литер» газеті);

Интернет-басылымдағы үздік жарияланым – Марлан Жиембай («Қаз­Ақпарат» ХАА) және Евгений Федотов (Kazpravda.kz);

Әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым – Нартай Аралбайұлы;

«Тәуелсіздікке 30 жыл» – Қазақ­станның Тәуел­сіздігінің 30 жылдығы туралы үздік материал – Жолдыбай Базаров («Еgemen Qazaqstan» газеті) және «Хабар 24» телеарнасының ұжымы;

Нұртілеу Иманғалиұлын есте қал­дыруға арналған «Қазақ журналис­ти­касының дамуына қосқан үлесі үшін» сыйлығы – Жайна Сламбек («Qazaqstan» ұлттық телеарнасы);

Михаил Дорофеевті есте қалдыруға арналған «Үздік аналитикалық материал үшін» сыйлығы – Юрий Масанов (Kursiv.kz);

Парламенттік журналистиканың дамытуға қосқан үлесі үшін арнайы жүлде – Эльдар Нуруллин («Экс­пресс-К» жаңалықтар порталы).