Бірі білсе, бірі білмес, Дүрәлі Дүйсебай спорт журналистикасына келгенге дейін, спорты дамыған С.Бреусов атындағы мектепті 1971 жылы үздік тәмамдап, кейіннен ҚазМҰУ-дың журналистика факультетіне оқуға түседі. Журналистикаға дейін спорттың ішкі «кухнясын» бір кісідей меңгерген Д.Дүйсебай кейіннен спорт журналистикасына ден қойды. 1981 жылы оқуын бітіре салып, атақты «Лениншіл жас» газетіне жұмысқа орналасып, Сейдахмет Бердіқұловтай білгір бас редактордың қамқорлығын көрді. Онда он алты жыл табан аудармай жұмыс істеп, 1996 жылы Мемлекеттік тергеу комитетінің жаңадан ашылған «Қылмыс пен жаза» – «Преступление и наказание» газетіне бас редактор болды. Кейіннен әскери қызметте болып, зейнетке шыққан соң «Халық сөзі», «Sport» – «Спорт» газеттерінде қызмет етті. Өмірінің соңғы жылдарында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқытушы болып, шәкірт тәрбиелеумен айналысты.
Соңынан ерген шәкірттеріне, спорт журналистикасындағы өзінен кейінгі іні-қарындастарына жас деп қарамай, олармен үнемі санасып, ақылдасып отыратын. Шәкірттерінің қателігін ешқашан бетіне басып, көп алдында алаламайтын. Арнайы спорттық іс-шараларда, баспасөз жиындарында кездесе қалғанда ғана жанашырлықпен ағалық ақылын айтып, қолдау білдіретін. Тек ақылын айтып қана қоймай, «Бұл туралы өзің қалай ойлайсың», деп өзгенің ойымен де санасуды ар көрмейтін.
Аңқылдаған, ақкөңіл Дүр-ағамыз бәріне бірдей әкедей қамқор болып, «Айналайын!» деп-ақ айналасына шуақ шашып жүретін осындай жан еді...
Спорт журналистикасы десе, есімі Сейдахмет Бердіқұловтан кейін алғашқылардың бірі болып аталатын атпал ағамыз Дүрәлі Дүйсебай да биыл келместің кемесіне мініп кете барды. Қазақстанның мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы және Сейдахмет Бердіқұлов сыйлықтарының иегері атанған ол саналы ғұмырын қазақ спортының жылнамасын зерделеуге, журналистика саласында ең кенжелеп қалған спорт журналистикасын одан әрі дамытуға үздіксіз қызмет жасаған жан еді.
70 шақырымды еңсерген велошабандоз
Оқиға • Кеше
Алматыда Қазақстан мен Ресей волонтерлік ұйымдарының слеті өтті
Волонтер • Кеше
Алматыда креативті индустрия өкілдерімен кездесу өтті
Алматы • Кеше
Абай облысындағы мектепте қазандық жарылды
Төтенше жағдай • Кеше
Ақтауда көлік апатынан үш адам зардап шекті
Аймақтар • Кеше