Қоғам • 28 Маусым, 2021

«Айтуға оңайдан» «Қарекетке» дейін

760 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жетісу тауларының Кербұлақ жайлауында қойтастың үстінде отырған қоңыр баланың дауысы араға жылдар салып кең байтақ қазақ даласының бар өңірінде жаңғырып тұрарын кім білген... Сол бір майдақоңыр, тұнық, ашық әрі жұмсақ дауыс кейінгі жылдар жүзінде әр күн сайын эфирден саңқылдап естіліп жатты.

«Айтуға оңайдан» «Қарекетке» дейін

Ол – қазақ тележурналистика­сында түрен салған Бейсен Құ­ран­бектің дауысы еді. «Айтуға оңай» деп қоғам өмірі мен адам тағ­ды­рына арашашы болған, «Қарекет қылайық» деп қазақ баласын қам­­сыз жүрмеуге, қайрат қылуға шақыр­ған Бейсен Құранбектің қа­засы қалың елдің қабырғасын қа­йыс­тырып жібергенін көз көрді, құ­лақ естіді. Халық өз баласын ұзақ жоқ­тады.
Президент сыйлығының лау­реаты, Мәдениет қайраткері Б.Құ­ран­бек ұзақ жылдар бұқа­ра­лық ақпарат құралдарында еңбек етіп, азаматтық ұстанымы және адам­дық қасиетімен елді, жерді сүюдің жарқын үлгісін көр­сетіп кетті. Оның авторлық жоба­лары – «Ай­туға оңай» және «Қаре­кет» бағ­дар­ламаларының аспаған асуы, аш­паған есігі, бармаған тақы­­ры­бы, айтылмаған сөзі қалған жоқ. Жабыққанның жанынан табыл­­­ған, жылағанның көз жасын сүрт­к­ен, жығылғанға сүйеу болған осы жобалар әлеуметтік ток-шоу­дың жаңа форматын жасап, озық үлгісіне айналды.
Ел ішінде «Айтуға оңай» ата­нып кеткен азаматтың елдің есін­де ендігі қалған сөзі «Қарекет қы­лайық!» болды. Б.Құран­бектің қо­йын дәптерінде қалған жаз­ба­лар­дың біріне көз салсақ, оның өмір­лік принциптері жайлы тағы да ойланамыз: «Ар сақта! На­мыс­ты бол! Талаптан! Қарекет қыл! Тәуе­­кел ет! Уәдеге берік бол! Мәрт бол! Ақылға сал! Қайратты бол! Жү­­ре­­гіңді жылыт! Біліміңді көбейт! Өнер үйрен! Салт-дәстүрді ұста! Дәс­­­тү­р­ді, мәдениетті игер! Ата тарих­­тан тәлім мен шабыт ал! Өзіңе, өзге­лер­ге, айналаңа жақсылық жаса!».