Қоғам • 28 Маусым, 2021

Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

598 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассам­блеясы атынан кәсіби мереке – бұқара­лық ақпарат құралдары қызмет­керлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Қазақстан халқы Ассам­блеясы атынан кәсіби мереке – бұқара­лық ақпарат құралдары қызмет­керлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қызметтік парыз бойынша сіздер әрдайым оқиғалар мен жаңа­лықтардың эпицентрінде жүріп, оқырмандар мен көрер­мендерге біздің елімізде және әлемде болып жатқан ең ма­ңыз­ды оқиғаларды жеткі­зе­сіздер.
Ақпараттарыңызда өткір сая­си, экономикалық және әлеу­­меттік мәселелерді көте­ріп, олар­ға жауап іздейсіздер. Біз сіз­­дердің кәсі­би шеберлік­те­рі­ңіз­ді және еліміз­дегі, әлем­дегі қо­ғамдық, эконо­микалық, мә­дени үдерістердің объективті жа­риялануын жоғары бағалай­мыз.
Сіздердің атқарған жұмыс­тарыңыз ерекше мәнге ие – сіздер қоғамдық пікір қалыптас­тырасыздар, сондықтан сенім­ділік, бейтараптық, жедел­дік, еркін және тәуелсіз журна­лис­тиканың басты қағида­ларының бірі болып табылады.
Осы маңызды күні қазақ­стандық журналистерге мем­лекеттік саясатты қалыптас­тыруға, қоғамдық келісім мен жал­пыұлттық бірлікті нығайтуға сіңірген орасан зор еңбектеріңіз үшін ерекше алғысымызды біл­діреміз. Журналист сөзі – елі­міздегі бейбітшілік пен келі­сім саясатының маңызды эле­менттерінің бірі.
Баспасөз әрқашан Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін, мемлекеттілігімізді, бейбітшілік пен келісімді нығайту үшін әрекет ететін қоғамның маңыз­ды институты болды және солай болып қала береді.
Сіздерге денсаулық, аман­дық, толағай табыстар мен кәсі­би салада жетістіктер тілеймін!

Қазақстан халқы Ассамблеясы
Төрағасының орынбасары –
Ресми өкілі Майя Бекбаева