Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 маусым күні сағат 18:30-да Әуезов көшесіндегі 83-ші үйге қарама-қарсы Тойота Chaser автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі қала тұрғынын қағып кеткен.
- Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған адам ауруханаға жеткізілді, - делінген полиция хабарламасында.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Жол апатына қатысты тексеру жүргізіледі.