Оқиға 27 маусым күні әл-Фараби даңғылы мен Шашкин көшесінің қиылысында болды.
«Мотоцикл жүргізушісі велосипедшіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. 1978 жылы туған ер адам жедед жәрдем келгенше, оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта мотоцикл жүргізушісі ұсталды. Тергеу жүріп жатыр», деп хабарлады полициядан.
Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.