Президент • 28 Маусым, 2021

Мемлекет басшысы Беларусь Республикасының Премьер-Министрін қабылдады

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Роман Головченконы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Беларусь Республикасының Премьер-Министрін қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Беларусьтің сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық салалардағы байланыстарын, сондай-ақ, интеграциялық бірлестіктер аясындағы ықпалдастығын оң бағалады. Қасым-Жомарт Тоқаев екі мемлекет басшыларының тығыз байланыс жасап тұратынын және жоғары деңгейде қол жеткізген уағдаластықтардың сәтті жүзеге асырылатынын ерекше атап өтті.

– Сіздің бұл сапарыңыздың бағдарламасы тығыз екен. Қостанай облысына бардыңыз. Бұл өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы әлеуеті тұрғысынан өте маңызды. Нақты келісімдерге қол жеткізіліпті. Сенбі күні Президенттеріңіз Александр Лукашенкомен сөйлестім. Екі мемлекет арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмастық. Қазақстан үшін Беларусь, шын мәнінде, стратегиялық серіктес әрі одақтас ел. Ынтымақтастығымызды нығайтып, дамыта беру үшін барлық мүмкіндікті жасаймыз, – деді Қазақстан Президенті.