Оқиға • 28 Маусым, 2021

Шекарадан көне монеталарды алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысындағы «Қайрақ» автомобиль өткізу бекетінде Ресей азаматының жүк көлігінен мемлекеттік шекара арқылы алып өтуге тыйым салынған заттар табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шекарадан көне монеталарды алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды

Көлікті мұқият тексеру барысында 600 көне монета және 100-ге жуық ескі қағаз ақша табылған. 

«Сонымен қатар, шекарашылар көліктен бір сигналдық тапанша мен бір тал патрон тапты. Аталған оқиға туралы тиісті органдарға  хабарланды», деп мәлімдеді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.