Тағайындау • 29 Маусым, 2021

Орман шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

452 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Данияр Ғалымұлы Тұрғамбаев ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орман шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

Данияр Тұрғамбаев 1987 жылы 19 қаңтарда дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «аңшылық тану және аң шаруашылығы» мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдарда Қонаев атындағы университеттің «қаржы» және «заңтану» мамандықтарын бітіген.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласында 2010 жылдан бастап жұмыс істейді, еңбек жолын орман «Алтын емел» МҰТП-де маман болып бастаған.

Қазіргі қызметіне орналаспас бұрын Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі «Көлсай Көлдері» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры қызметін атқарған.