«28 маусым күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 216 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 93, симптомсыз – 33 науқас тіркелді. Барлық емделіп шығарылғандар – 121, келіп түскені – 91.
Инфекциялық стационарларда 660 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1 730 ), оның ішінде 36 бала емделуде», деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 49 адам жатыр. Ал 12 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 23 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 15 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1249 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 1050 науқас. 199 адамда коронавирус белгілері жоқ.