Қазақстан • 29 Маусым, 2021

Мектепке қандай заттарды кіргізуге тыйым салынды?

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігі мектепте пайдалануға тыйым салынған заттардың тізімін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Мектепке қандай заттарды кіргізуге тыйым салынды?

«ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен білім беру ұйымдарына кіргізуге тыйым салынған және пайдалануға шектеу қойылған заттар тізбесі бекітілді. Бұл тізімге қарудың барлық түрі, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар, сондай-ақ тесуге және кесуге арналған заттар кіреді. Жаңа норманы енгізу балаларға қауіпсіз және жайлы оқу ортасын құруға, құқықбұзушылықтарды уақытылы анықтауға және оның алдын алуға мүмкіндік береді», делінген министрлік хабарламасында.

Осылайша, мектептерге қарулар мен оған ұқсас заттарды әкелуге қатаң тыйым салынады.

«Бұдан басқа, білім беру ұйымдарында кесуге арналған және өткір заттарды, өнеркәсіптік құралдарды, оқ-дәрілерді, жарылғыш, улы, психоактивті заттарды әкелуге және пайдалануға жол берілмейді. Балалардың тыйым салынған заттарды білім беру ұйымдарына кіргізгені үшін олардың ата-аналары мен заңды өкілдері жауапты болады», дейді ҚР БҒМ.