Оқиға • 29 Маусым, 2021

Ауғанстаннан есірткі тасымалдаған қылмыстық топ ұсталды

1049 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері халықаралық есірткі арнасын жойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауғанстаннан есірткі тасымалдаған қылмыстық топ ұсталды

ҰҚК баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, есірткі Қазақстанға Ауғанстаннан жеткізіліп отырған.

– Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының келісімі аясында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, Ауғанстаннан Қазақстанға апиын есірткісін контрабандалық жолмен тұрақты жеткізіп тұрған трансұлттық есірткі құрылымын анықтап, жолын кесті, - делінген хабарламада.

Алматыда 15 маусымда жүргізілген халықаралық арнайы операция кезінде есірткі трафигін ұйымдастырған азамат 25 келі есірткі тасымалдаған жерінен ұсталды. Анықталғандай, күдікті Ресейде осыған ұқсас қылмысы үшін іздеуде болған.

– Бұл адам қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін Тәжікстан Республикасы азаматының жалған төлқұжатын пайдаланған. Сонымен қатар оның сыбайласы – Қазақстан азаматы ұсталды, - деді ведомстводағылар.

Тергеу материалдары Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-тармағы және 297-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.

Есірткі акциясына қатысы бар өзге де адамдарды анықтау бойынша жедел тергеу шаралары жалғасуда.