Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын «Барыстың» жаңа маусымға дайындығы аса мәз болмай тұр. Маусымаралық үзілісте қазақстандық ұжымның құрамы күшеюдің орнына күн сайын әлсіреп барады. Мәселен, бүгінге дейін командадан 15 хоккейші кетті. Ал олардың орнына небәрі бес ойыншы ғана келді. Олардың екеуі қақпашы болса, екеуі – қорғаушы, тағы біреуі – шабуылшы.

ҚХЛ-дің кезекті маусымының басталуына екі ай қалса да, елордалық ұжым әлі де бас бапкер Юрий Михайлиспен бір ымыраға келе алмай жатыр. Былтыр бір жылдық келісімшартқа отырған екі тарап әлі күнге дейін келісімнің созылғанын немесе тоқтағанын хабарлаған жоқ. Бас бапкер нақтыланбаған соң, «Барыс» құрамадан кеткен ойыншылардың орнына лайықты ойыншылар ала алмай отырған сыңайлы.
Жоғарыда айтқанымыздай, «Барысты» бүгінге дейін өрге сүйреп келген 15 хоккейші елордалық ұжымнан кетті. Әзірге астаналық клубпен соңғы болып қорғаушы Леонид Метальников қоштасты. Ол алдағы маусымнан бастап Владивостоктың «Адмирал» клубының намысын қорғайды. Өскемен хоккей мектебінің түлегі Метальников «Барыс» сапында 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Алты жылда ол ҚХЛ-да 95 матч өткізіп, 16 (1+15) ұпай жинаған. Сондай-ақ Леонид әр жылдары «Казцинк-Торпедо» (Өскемен), «Южный Урал» (Орск) және «Сарыарқа» (Қарағанды) клубтарында ойнап, 2018/19 маусымда Жоғары хоккей лигасының (ЖХЛ) чемпионы атанды. Петров кубогын иеленген тұста жылдың үздік қорғаушысы деген атаққа ие болды.
«Адмирал» былтырғы маусымда пандемияға байланысты ҚХЛ ойындарына қатысқан жоқ.
Сонымен қатар мұның алдында «Барыс» сапынан Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Валерий Орехов та кетіп, финляндиялық клубқа ауысқан. Тіпті 22 маусымда финляндиялық ХПК клубы Ореховтың ресми түрде команда сапына ауысқанын жариялап, ойыншыны дүйім жұртқа таныстырды. 21 жастағы хоккейшінің бір жылдық келісімшартқа қол қойғаны туралы да хабар таратты. Осы ақпараттан кейін «Барыс» Ореховтың мансабын Финляндия чемпионатында жалғастыратынын растады. Алайда елордалық клуб бірер күн өткен соң өз ойыншысының басқа клубқа ауысуы туралы ақпаратты жоққа шығарып, қорғаушы алдағы маусымда «Барыста» ойнайтынын мәлімдеді.
ҚХЛ-дың былтырғы маусымында Орехов 32 матч өткізіп, 10 (2 + 8) ұпай жинады және бір плей-офф ойынында нәтижелі пас берген.
Жалпы жазғы үзілісте «Барыстан» кеткен соңғы ойыншы Метальников болады деген үміттеміз. Қазіргі таңда елордалық клубта бес-ақ қорғаушы қалды. Олар – Даррен Диц, Самат Данияр, Егор Шалапов, Олле Альсинг және Эриек Мартинссон. Бүкіл маусым бойы осы бес қорғаушы ойнамайтыны белгілі. Енді «Барыс» кем дегенде тағы да бес қорғаушымен құрамын күшейтуі керек. Шебер шабуылшылар да керек-ақ.
Ақтау теңіз портында контейнерлік хаб құрылады
Қазақстан • Бүгін, 17:24
Президент ҰҚШҰ-ның мерейтойлық саммитіне қатысып жатыр
Президент • Бүгін, 17:20
АҚШ-та шіркеуге шабуыл жасалды
Оқиға • Бүгін, 17:15
Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтаруы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 17:02
Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаражатын жымқырған болуы мүмкін
ANTIKOR • Бүгін, 16:49
Елорда маңайындағы жасыл белдеуге 450 мыңнан астам көшет отырғызылады
Елорда • Бүгін, 16:48
Алматы-Ташкент пойызы қайта жүре бастады
Қоғам • Бүгін, 16:33
Батыс Қазақстанда жастар штабы құрылды
Аймақтар • Бүгін, 16:23
Болат Әбіловтың қандай партия құратыны белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 16:12
Жыл басынан бері 25 адам суға батып кеткен
Қоғам • Бүгін, 16:02
Алматылық спортшылар Сурдлимпиадада 11 медаль жеңіп алды
Қазақстан • Бүгін, 15:43
«Қазақстан халқына» қоры қайырымдылық бағдарламасын іске қосты
Қоғам • Бүгін, 15:32
Текелідегі лай көшкінінен зардап шеккендерге үй беріледі
Аймақтар • Бүгін, 15:21
Қызылордада 16 адамды алдаған алаяқтар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Еліміздегі ақылы автотұрақтарға өзгеріс енгізілді
Елорда • Бүгін, 15:05
Алматыда құны 1,8 млрд теңге болатын контрафактілік автобөлшектер табылды
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Шомылуға рұқсат етілген жерлерді мобильді қосымша арқылы көруге болады
Қоғам • Бүгін, 14:23
ТЖМ шомылуға рұқсат етілген жерлерді белгіледі
Қоғам • Бүгін, 13:52
4 пайыздық автонесиенің сақтандыру шығынын кім төлейді?
Қоғам • Бүгін, 13:28
Қосшыда жеті жасар қыз пеште тұншығып қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 13:09
«Мерейлі отбасы» конкурсына өтінімдер қабылдау басталды
Қазақстан • Бүгін, 12:47
Қызылордада полиция ғимаратына қарулы шабуыл жасағандар ұсталды
Оқиға • Бүгін, 12:35
Зейнеткерлерге автонесие беріле ме?
Қоғам • Бүгін, 12:18
Есірткі сататын 655 сайт бұғатталды
Қоғам • Бүгін, 12:09
4 пайыздық автонесиені беретін 4 банк анықталды
Қоғам • Бүгін, 11:58
Елімізде бір аптада 3,1 мың қылмыс тіркелді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Тобылдың» бас бапкері қызметінен кетті
Футбол • Бүгін, 11:38
Бос жерлерге қауіпті қалдық төккен: бірнеше өңірде шенеуніктер жауапқа тартылды
Қазақстан • Бүгін, 11:30
Перуде автобус жардан құлап, 11 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 11:17
Шымкентте BeeTV 80 челленджер турнирі басталды
Теннис • Бүгін, 11:03
Елімізде 571 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Қоғам • Бүгін, 10:58
Вакцина салдырғандар саны жарияланды
Коронавирус • Бүгін, 10:42
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 8 медаль еншіледі
Білім • Бүгін, 10:33
Түркістан облысында әлеуметтік желі арқылы есірткі сатқан адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Өткен тәулікте 5 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:12
Елордада каратэден Азия чемпионатының үздіктері анықталды
Елорда • Бүгін, 10:02
Каспий жағалауынан 64 итбалықтың өлексесі табылды
Экология • Бүгін, 09:52
Ақтауда сарбаз әскерден қашып кетті
Аймақтар • Бүгін, 09:43
Павлодарда 1,5 жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 09:36
Елімізде жеңілдетілген автонесие беру басталды
Қоғам • Бүгін, 09:23
Ұқсас жаңалықтар