Спорт • 30 Маусым, 2021

Олимпиада: Жеңіл атлеттер тағы 4 жолдамаға қол жеткізді

542 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық жеңіл атлеттер Токиода өтетін Олимпиада ойындарына тағы төрт лицензия жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Олимпиада: Жеңіл атлеттер тағы 4 жолдамаға қол жеткізді

Қазақстандық екі спортшы жолдаманы Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының (әлемдік жеңіл атлетика) әлемдік рейтингіне сәйкес ие болса, төртінші жолдаманы Қазақстанда өткен жарыс нәтижесі бойынша алды.

Айта кетейік, World Athletics Олимпиада жолдамалары туралы нәтижені бүгін жариялады.

Осылайша, Ольга Сафронова, Михаил Литвин және Ирина Эктова #teamKZ қоржынын жолдамамен толықтырды.

Ольга Сафронова әйелдер арасында 100 және 200 метр қашықтықта жарысқа лицензия жеңіп алды.

Михаил Литвин ерлер арасында 400 метрге жүгіруден Қазақстан намысын қорғайды.

Ирина Эктова Алматыда өткен жарыстағы нәтижесі бойынша үш қарғып секіруден Олимпиадаға қатысады.

Айта кетерлігі, жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының қоржынында бұған дейін жеті жолдама болды. Оларды Ольга Рыпакова (үш қарғып секіру), Григорий Шейко (спорттық жүріс), Айман Ратова (спорттық жүріс) және Жанна Мамажанова (марафон), Мария Овчинникова (үш қарғып секіру), Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру), Кристина Овчинникова (биіктікке секіру) жеңіп алған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25