Оқиға • 30 Маусым, 2021

Атышулы қаржы пирамидасына қатысты сот отырысы басталды

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде атышулы «Гарант 24 Ломбард», «ESTATE ломбард» және «Выгодный займ» қаржы пирамидаларына қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атышулы қаржы пирамидасына қатысты сот отырысы басталды

Аталған ұйымнан 17 мың адам зардап шеккен. Олар 30 миллиард теңгеден астам шығынға ұшыраған.

Тергеу шаралары жарты жылға созылған істе 48 адам күдікті деп танылды. Оның 33-і қамауда. Қалған алтауына іздеу жарияланған.

«Ұйым басшыларына қатысты 32 қылмыстық іс тіркелді. Күдіктілерден 70 миллион теңгеден астам қаражат, түрлі мүліктер тәркіленді. Ол заң бойынша, қылмыстық жолмен табылған пайда», деді ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Адилов.

Одан бөлек полицейлер 15 көлік, екі жүк көлігі,  екі автокран, қарда жүретін көлік, 29 пәтер, алты үй, үш жер телімі, бес көлік тұрағы мен бір кофе-бильярд кешенін тәркіледі. Күдіктілерден тәркіленген мүліктің жалпы құны екі миллиард теңгеден астам.

Айта кетейік, «Гарант 24 Ломбард» ұйымдастырушылары Ақтөбе облысының тумасы болғандықтан, сот отырысы осы қалада өтіп жатыр.

Әсел Сарқыт