Коронавирус • 30 Маусым, 2021

30-40 жастағылар стационарларға жиі жатқызыла бастады – дәрігер

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте көпсалалы медициналық орталық директорының орынбасары Сәуле Атығаева осындай деректер келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

30-40 жастағылар стационарларға жиі жатқызыла бастады – дәрігер

Оның айтуынша, амбулаториялық деңгейде 3 750 пациент бақылануда, КВИ ауыр ағымының жоғары қаупі бар 60 жастан асқан пациенттер ерекше назарда.

«5 айдың ішінде амбулаториялық кезеңде 30 мыңнан астам пациент емделді, бұл бүгінгі күнге дейін инфекциялық стационарлардың жүктемесін аса жоғары деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ біз коронавирустық инфекцияның «жасарғанын» байқадық. 5 ай мен маусымның 25 күніндегі сырқаттанушылықты талдағаннан кейін, сәуірмен салыстырғанда әлдеқайда жас адамдар ауруханаға жатқызыла бастағанын көреміз. 30-40 жастағы пациенттер стационарларға жиі жатқызыла бастады. Сәуір айымен салыстырғанда, реанимацияға жатқызылған ауыр жағдайдағы науқастар 10 жасқа кіші жастағы азаматтар. Жүктеме 65% - ға дейін өсті. Қайтыс болып жатқандар да жас. Қорытындылай келе, қазіргі уақытта КВИ клиникалық ағымында өзгерістер бар деп айта аламыз. Кейде пациенттер КТ нәтижесінде өкпенің 5-10% зақымдануымен түссе, 3-4 күннен кейін, жүргізілген емге қарамастан, өкпенің зақымдануы 60-70%-ға жетеді. Өкпе зақымдануынан басқа, ми, жүрек, бүйрек, асқазан-ішек жолдарының, буындардың, жүйке жүйесінің зақымдануы сияқты өкпелік емес синдромдар да бар», деді дәрігер.