Қазақстан • 30 Маусым, 2021

Халық арасында вакцинацияға деген ұмтылыс артты – ДСМ

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалға тоқталған ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Халық арасында вакцинацияға деген ұмтылыс артты – ДСМ

Оның айтуынша, қазіргі кезде халық арасында вакцинацияға деген ұмтылыс артып отыр. Соңғы тәулікте 88 мыңнан астам адам бірінші компонентпен, 46 мыңнан астамы екінші компонентпен егілді. 

«Соңғы мәлімттерге сәйкес, Қазақстан бойынша 3 335 172 адам вакцинаның бірінші дозасын алса, 2 596 000 адам 2-ші дозасын салдырды. Халық арасында сырқаттанушылық жағдайының өзекті мәселелерінің тағы бірі – стационарларға жатқызылған адамдар саны. Қазіргі кезде 596 науқастың жағдайы ауыр, оның ішінде 103-і өте ауыр жағдайда, 67-і ӨЖЖ-мен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар статистикалық мәліметтерге жүргізілген талдауға сәйкес, соңғы 7 күнде жұқпалы аурулар стационарларында жатын орындарды қамтамасыз ету 25%-дан 29%-ға дейін артқан, реанимациялық төсек-орындар қажеттілігі 20%-дан 24%-ға дейін өсті»,  деді А.Қуатбаева.   

Спикер басқа мемлекеттермен вакцинация паспортын тиімді пайдалану жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бүгінде Венгрия, Тайланд, Моңғолия азаматтарының егу паспорты елімізде қабылданады, ал қазақстандық вакцинация паспорты аталған елдерде пайдалануға жарамды.