Қала әкімдігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын, сонымен қатар ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге беріледі.
Байқау жеңімпаздары екі миллионнан бес миллион теңгеге дейін грант ұтып, жобаларын іске асыру мүмкіндігіне ие болады.
Өтінімдер 2021 жылдың 12 шілдесіне дейін қабылданады.
Байқауға қатысу үшін бизнеске арналған Qoldau цифрлық платформасына тіркеліп, бекітілген нысандар бойынша өтінімді электрондық нұсқада ұсыну қажет.
Байқау екі кезеңде өтеді:
1. Құжаттар тізбесін бағдарлама шарттарына сәйкестігін тексеру.
2. Комиссия алдында бизнес-жобаны қорғау.
Қосымша ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтынан, сондай-ақ uir.astana.kz сілтемесі бойынша оқуға болады.
Ботагөз АМАЛБЕК