Іс-шараны Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Астана мемлекеттік қызмет хабы, Қазақстанның HR қауымдастығы және Корея Республикасының Персоналды басқару министрлігі ұйымдастырды.
Конференцияға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова, Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов, Корея Республикасының Персоналды басқару министрі Ким Ву Ху, Украинаның Мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі ұлттық агенттігінің басшысы Наталья Алюшина, Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік қызметті дамыту агенттігінің, Грузияның Мемлекеттік қызмет бюросының және
т. б. өкілдері қатысты.
Агенттік төрағасы Анар Жаилғанова өз сөзінде Қазақстанның Мемлекеттік қызмет саласындағы цифрландыру тәжірибесімен, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған шаралар туралы ақпаратты бөлісті.
Атап айтқанда iQyzmet базасында кадрлық процестерді цифрландырудың бірінші кезеңі ретінде мемлекеттік қызметке іріктеу процесін қайта қарау жүзеге асырылады. Іріктеудің барлық кезеңі бұдан былай автоматтандырылады, бұл рекрутингтік процестердің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, кандидаттардың деректерін бар бос жұмыс орындарымен және біліктілік талаптарымен автоматты түрде салыстыру мүмкіндігі көзделген. Бұл кандидаттарды проактивті іздеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазақстандық мемлекеттік қызметшілерді электронды оқыту тұрғысынан алғанда, 2020 жылғы наурыздан бастап Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша барлық оқу процестері LMS Canvas және Microsoft Teams ақпараттық платформалары базасында онлайн режімінде, қысқа мерзімді бағдарламалар бойынша – Zoom, Microsoft Teams және Moodle платформаларында өтетіні атап өтілді.
Корея Республикасы Персоналды басқару министрлігінің өкілі 2017 жылы құрылған мемлекеттік қызметшілерді оқытудың ұлттық жүйесінің ерекшеліктері туралы айтып берді. Қазіргі уақытта жүйеде 3000-нан астам оқыту мазмұны бар. Бұл курстардың көпшілігі мемлекеттік қызметшілер үшін міндетті болып табылады және адалдық, гендерлік теңдік және т.б. мәселелерге арналған. Жалпы және ерекше жұмыс дағдыларын дамытатын курстарды әртүрлі министрліктер бірлесіп пайдаланады. Жалпы алғанда, кореялық мемлекеттік қызметшілер жылына кемінде 100 сағатты құрайтын оқудан өтуі тиіс. Бұл шарт орындалмаған жағдайда олар одан әрі жоғарылауға жатпайды.
Украинаның Мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі ұлттық агенттігінің басшысы Наталья Алюшина конференцияға қатысушыларға мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдарының өкілдері пайдаланатын білімді басқару порталын ұсынды. Бүгінгі таңда порталда 119 білім беру қызметін жеткізуші және 1100 оқыту бағдарламасы бар. Сондай-ақ ол Украинаның жергілікті өзін өзі басқаруды орталықсыздандыруға және реформалауға бағытталған бірлескен швейцариялық-украиндық DESPRO жобасын іске асыру тәжірибесін ортаға салды. Оның аясында жергілікті өзін өзі басқару органдарына кешенді теориялық және практикалық оқыту жүргізіледі.
Сонымен қатар конференция барысында Грузия, Өзбекстан, сондай-ақ Қазақстан HR қауымдастығының электронды оқыту тәжірибесі ұсынылды.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова iQyzmet базасында кадрлық процестерді цифрландыру бойынша қабылданып жатқан шаралардың арқасында мемлекеттік қызметке іріктеудің барлық кезеңі автоматтандырылатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол «Электронды оқыту арқылы адами ресурстарды дамыту: елдердің тәжірибесі» тақырыбындағы халықаралық онлайн-конференцияда айтты.
Украина мен НАТО шұғыл отырыс өткізеді
Әлем • Бүгін, 14:04
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:27
Үкіметте өндірісті локализациялаудың келешегі талқыланды
Үкімет • Бүгін, 12:30
11-сынып оқушысы мектепке «жарылғыш зат» қойылғаны туралы хабарлаған
Заң • Бүгін, 12:29
Қазақстан полицейлері футзалдан халықаралық турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 12:23
Қостанай тұрғындары жылусыз қалды
Аймақтар • Бүгін, 12:23