Ғылымның қай саласында болсын талапты жастар табылады. Мысалы, алматылық студенттер Назерке Халел мен Муниса Сайдиганиеваның «Күнбағыс майынан биоотын алудың маңызы» тақырыбындағы ғылыми жобасын алғаш рет «Фараби әлемі» атты жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық конференциясында ұсынылған болатын.

Ғылыми жоба авторларының айтуынша, биоотынның пайдасы мен маңызы зор әрі қоршаған ортаға тигізетін зияны аз.
– Табиғи қорлар мен энергетикалық ресурстардың сарқылу мүмкіндігі пайда болғаннан кейін адамзат оларды үнемдеуге және баламалы қуат көздерін ойлап табуға тырысып жатыр. Соңғы жылдары әлемнің бірқатар дамыған елінде биоотын өндіру қарқынды түрде дамып келеді. Бұл бекер емес. Себебі биоотын – жаңартылған энергияның көзі, экологиялық мәселелерді шешудің тиімді жолы. Әрі арзан және қолжетімді. Уақыт өткен сайын дамып келе жатқан қоғам мұнай мен көмір өнімдерінен гөрі адамға да, қоршаған ортаға да пайдалы отын түрін қолданғанды жөн көреді. Сол себепті де біз осы ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асыруды жөн көрдік, – дейді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен дәстүрлі жиында Қыздар университетінің жас ізденушілер жобасы қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланып, үшінші орынға ие болды.
– Бүгінде жас ғалымдар «Химия» мамандығы бойынша білім алады. Бұл – олардың ғылым жолындағы алғашқы жетістігі. Студенттер тың жобаны алдағы уақытта Жаратылыстану факультетінің базасындағы зертханада жетілдіріп, болашақта Start up жобаларға қатысуды жоспарлап отыр, – дейді студенттердің ғылыми жетекшісі.
Осы орайда айта кетейік, қоршаған ортаға зиянсыз отынды өндіруші елдердің саны жыл өткен сайын артып келеді және отынды өндіру көлемі соңғы уақытта өсіп отыр. Әдетте биоотын түрлі өсімдіктерден алынады. Айталық, осы отынды ең көп өндіретін Бразилия қант қамысынан алса, АҚШ-та оны жүгеріден өндіреді. Әрине, аталған отын түрін өндіруге деген Қазақстанның да ынта-ықыласы Еуропа елдерінен кем емес. Қазақстан биоэтанолды өндіру ісіне экспортқа бағытталған тауар ретінде басымдық беріп отыр. Бұдан бұрын еліміз өндіргелі отырған биоэтанолды бидайдан алып келгені аян.
АЛМАТЫ
Терезеден құламасын сәбилер...
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Адам құқығын қорғаудағы жаңа белес
Референдум-2022 • Кеше
Саяси реформалар ел көкжиегінің кеңеюіне бастайды
Референдум-2022 • Кеше
Мүгедек адамдарға қажетті жағдай жасалады
Референдум-2022 • Кеше
Бюрократияның өзегінде безбүйректік жатыр
Қазақстан • Кеше
Сайлау: Үміткерлердің уәдесі қандай?
Әлем • Кеше
Әлеуметтік желі қасіреттің ортасына айналып барады
Қоғам • Кеше
Сәбидің саулығы – ұлттың байлығы
Медицина • Кеше
Тілтанымымыздың болашағын айқындаған тұлға
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Ғылым • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қоғам • Кеше
Әлем чемпионатында бас жүлдесіз қалдық
Спорт • Кеше
Спорт • Кеше
«Музей түні» бағдарламасымен балаларды қуантты
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Тарих • Кеше
Руханият • Кеше
Қай елдердің азаматтары елімізде кәсіпкерлікпен айналыса алады
Қазақстан • Кеше
Қазақ спортшыларының киімі ХОК мәдени мұрасына енді
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесу өткізді
Президент • Кеше
Арнайы экономикалық аймақтардан бюджетке 170,2 млрд теңге түсті
Экономика • Кеше
Қоғамдық көлікте діни уағыз айтқан әйелге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Дағдарыстан шығынсыз шығу керек – Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы: Қазақстанда рейдерлік болмауы тиіс
Президент • Кеше
Бас прокуратура заңнамаға нақты түзетулер пакетін ұсынатын болды
Қазақстан • Кеше
Бизнес бойынша жер телімін беру жеңілдетіледі
Қазақстан • Кеше
Мәулен Әшімбаев БАӘ елшісіне көңіл айтты
Қазақстан • Кеше
Ыстанбұлда ортақ оқулықтар таныстырылды
Қазақстан • Кеше
Президент Бас прокуратураға алаяқтармен күресті күшейтуді тапсырды
Президент • Кеше
Алматыда Қалқаман станциясының құрылысы басталды
Аймақтар • Кеше
Референдумда әр азаматтың дауысы айрықша рөл атқарады – Президент
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар