Әлем • 01 Шілде, 2021

Канадада аптап ыстықтан 100-ден аса адам көз жұмды

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Канадада ауа температурасы Британдық Колумбия провинциясында төрт күн бойы көтеріліп, сейсенбі күні қалалардың бірінде Цельсий бойынша 49,5 градусқа жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Канадада аптап ыстықтан 100-ден аса адам көз жұмды

Ванкувердің (провинцияның ірі қаласы) өзінде жұмадан бастап жылу соққысының салдарынан 130 өлім тіркелген. Көз жұмғандардың басым бөлігі – егде жастағы және созылмалы ауруы бар адамдар.

Канададағы бұрын-соңды болмаған ыстық ауа температурасы +46°С-тан асып, 80 жылдық рекорд орнатты.

Соңғы рет мұндай ыстық 1937 жылы Саскачеван провинциясында тіркелген.

Бұған дейін АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметі (NWS) Вашингтон мен Орегон штаттарының барлық аумағында, сондай-ақ Калифорния мен Айдахоның көптеген ауданында қатты ыстық болатынын хабарлаған болатын.