Оқиға • 01 Шілде, 2021

Елорда тұрғынынан 200 грамм есірткі табылды

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қарасора-2021» операциясының аясында астананың 26 жастағы тұрғыны 200 грамм гашишпен ұсталды. Ол есірткі стумен айналысты деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда тұрғынынан 200 грамм есірткі табылды

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, сақшылар «Қарасора-2021» республикалық операциясы шеңберінде есірткі саудасының арнасын әшкереледі.

«28 маусымда Иманбаев көшесінде есірткі сатқаны үшін елорданың 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Одан жалпы салмағы 200 грамм гашиш тәркіленді. Бұдан бөлек, 29 маусым күні шұғыл-іздестіру шаралары барысында есірткі тасымалын ұйымдастырушы 37 жастағы ер адам ұсталды. Оның көлігін тінту кезінде 9 келі марихуана тәркіленді», дейді Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Олжас Жарылғапов.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, тәркіленген есірткінің бағасы «қара нарықта» 9 миллион теңгеге жуық.

«Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр, елордаға есірткі жеткізуге қатысы бар қылмыстық тізбектің барлық қатысушылары анықталуда», деп жазылған департамент таратқан хабарламада.