Теннис • 01 Шілде, 2021

Елена Рыбакина үшінші кезеңге шықты

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Лондонда өтіп жатқан «Үлкен дулыға» санатындағы «Уимблдон» турнирінде алғашқы айналымнан аса алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елена Рыбакина үшінші кезеңге шықты

Тұсаукесер кездесуін ол латвиялық Анастасия Севастоваға қарсы өткізді. Кезінде АҚШ-тың ашық біріншілігінде жартылай финалға дейін жетіп, әлемдік рейтингте 11-орынға дейін көтерілген Балтық жағалауының өкілі қазіргі кезде 56-сатыға табан тіреп тұр. Үздіктер тізімінде 99-орынды иемденіп отырған Диастың Севастоваға әлі жетпеді – 4:6, 1:6. 

Есесіне Юлия Путинцева болгариялық Цветана Пиронкованың тас-талқанын шығарды – 6:3, 6:1. 

Ерлер сайысында Қазақстанның қос теннисшісі – Александр Бублик пен Михаил Кукушкин арасындағы айқас алғашқысының пайдасына шешілді – 6:4, 6:2, 6:1. 

Ал Елена Рыбакина америкалық Клэра Льюді 6:4, 6:4 есебімен еңсеріп, үшінші айналымға жолдама алды. 

Екінші кезеңде Путинцева испаниялық Паула Бадосамен кездессе, Бублик болгариялық Григор Димитровпен күш сынасады. Ал Рыбакина үшінші айналымда грекиялық Мария Саккари мен америкалық Шэлби Роджерс арасындағы бәсекенің жеңімпазымен шеберлік байқасады.