«Астана» клубының мүшелері арасында Андрей Луценконың қарқыны қуантарлық. Күн өткен сайын көрсеткішін жақсартып келе жатқан ол бұл жолы 10-орынды иеленді. Шанже мен Лаваль қалалары аралығын қамтыған 27,2 шақырымдық қашықтықта топ жарған словениялық Тадей Погачардан (UAE-Team Emirates) жерлесіміз небәрі бір минут қана қалып қойды. Жеңімпаздың уақыты – 0:32:00. Осы жылдамдығының арқасында Луценко жалпы есепте бесінші орынға көтерілді.
«Тур де Франстың» бесінші кезеңінен кейін нидерландтық Матье Ван дер Пул («Alpecin-Fenix») әлі де көш бастап келеді. Оның көрсеткіші – 16:51:41. Екінші және үшінші орындарда – словениялық Тадей Погачар (UAE-Team Emirates) мен бельгиялық Ваут Ван Арт (Team Jumbo-Visma).