Медицина • 01 Шілде, 2021

ДДСҰ «қара зеңді» қоздыратын препараттарды атады

454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ДДСҰ-ның Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович ұйым «қара зеңмен» байланысты зең инфекциясын жұқтырып алмау үшін, COVID-19-дың ауыр және орта деңгейінде гормональды препараттар мен антибиотиктерді аз тұтынуға кеңес беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ДДСҰ «қара зеңді» қоздыратын препараттарды атады

Оның айтуынша, Үндістанда COVID-19 жұқтырған пациенттерден анықталған зең инфекциялары ашытқы немесе зеңмен байланысты болуы мүмкін. Зең мукоримоз және аспергиллез (өзге типтегі зең) секілді инфекцияларды қоздыруы мүмкін.

«Ашытқы мен зең қоршаған ортада бар. Бірақ олар иммундық жүйесі әлсіз, диабет пен өзге де созылмалы ауруы барлар, обыр ауруына шалдыққан адамдар мен ұзақ уақыт дәрі қабылдап жүргендерге жұғады. Әрине, COVID-19 иммунитетті әлсіретеді», дейді ДДСҰ өкілдері.

Вуйнович ДДСҰ «жеңіл және орта ауру жағдайында антибиотиктер мен кортикостероидтарды қолдануды барынша азайтуға» кеңес беретінін айтты. Кортикостероид ауыр жағдайда көмектеседі, бірақ шамадан тыс қолдану саңырауқұлақ инфекциясын тудыруы мүмкін.

Вуйнович биомедициналық құрылғылар, соның ішінде желдеткішті мұқият тазалап, дезинфекция жасап тұруға кеңес берді.

ДДСҰ өкілі пациентте саңырауқұлақ инфекциясы анықталған жағдайда оған қарсы препараттармен емдеу керегін айтты.