Ауа райы • 01 Шілде, 2021

Шілдеде ауа райы қандай болады?

978 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шілде айында ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары, еліміздің солтүстік жартысында норма шамасында болады деп күтілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шілдеде ауа райы қандай болады?

Ай бойы Қазақстан аумағы бойынша ауа райының антициклоналды түрі басым болады деп болжанады, ыстық және жауын-шашын аз болуы күтілуде, тек жекелеген күндері циклондардың өтуімен қысқа мерзімді найзағаймен жазғы жаңбыр күтіледі, желдің 15-25 м/с күшеюі болжанады.

Республиканың батысында шілде айының бірінші онкүндігінде ауа температурасының біртіндеп төмендеуі болжанады, түнгі сағаттарда термометр бағаналары +19+28°С-тан +12+23°С-қа дейін, күндіз +30+38°С, оңтүстік-батыста +41°С-тан +24+32°С-қа дейін төмендейді.

Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасы: түнде +15+25°С, күндіз +33+38°С, кей жерлерде +41°С; еліміздің оңтүстік жартысында түнде +20+30°С, күндіз +37+45°С, таулы аудандарда +30°С, бірінші онкүндіктің соңында ауа температурасының 10-15°С төмендеуі болжанады.

Ыстық ауа райы ҚР шығысына жетеді ауа температурасы түнде +12+20°С-тан +20+28°С-қа дейін, күндіз +27+35°С-тан +33+41°С-қа дейін жоғарылайды, онкүндіктің соңында ауа температураның 7-10°С-қа төмендеуі болжанады. Бірінші онкүндікте қысқамерзімді найзағаймен жазғы жаңбыр, желдің күшеюі (дауыл, шаңды дауыл) айдың басында еліміздің батысында және солтүстік-батысында, 5-7 шілдеде Қазақстанның солтүстігі мен орталығында, онкүндіктің аяғында оңтүстік және шығыс бөліктерінде болуы мүмкін.

Шілде айының екінші онкүндігінің басында алдымен ҚР батысы мен солтүстік-батысында ауа температурасының жоғарылауы болжанады, содан кейін онкүндіктің ортасынан республиканың барлық аумағында температуралық фонның жоғарылауы болжанады. батыста және солтүстік-батыста: түнде +22+30°С-қа дейін, күндіз +33+43°С-қа дейін; солтүстікте, орталықта және шығыста: түнде +15+23°С-қа дейін, күндіз +28+39°С-қа дейін; оңтүстік және оңтүстік-шығыста: түнде +18+27°С-қа дейін, күндіз +35+43°С-қа дейін;

Үшінші онкүндікте еліміздің оңтүстік бөлігінде ауа температурасының түнде +10+17°С-тан +17+25°С-қа дейін, күндіз +22+33°С-тан +30+38°С-қа дейін, солтүстік жартысында түнде +5+13°С-тан +13+20°С-қа дейін, күндіз +18+26°С-тан +26+33°С-қа дейін ауытқуы күтіледі.