Қоғам • 01 Шілде, 2021

Адмет Акхтер: Біздің заманда жаңа мүмкіндіктер көп

816 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бағдарламашыларға  заманауи  технологиялар  шекараны сызып,  тұрғылықты мекеніне қарамастан, әлемнің түкпір-түкпірінен жұмыс табу мүмкіндігін берді, дейді «Akhter Studio» компаниясының директоры және құрылтайшысы Адмет Акхтер.

Адмет Акхтер: Біздің заманда жаңа мүмкіндіктер көп

Ақпараттық технологиялар саласында өзінің компаниясын ашып, экспорттық нарықта алға жылжып келе жатқан қазақстандық жастардың жарқын өкілдерінің бірі – «Akhter Studio» компаниясының директоры және құрылтайшысы Адмет Акхтер.

«Akhter Studio» – Алматы қаласында негізделген бағдарламалық жасақтама өндірушісі, жұмысының алғашқы айларынан бастап шетелдік клиенттерді тарта бастады және небәрі алты айдың ішінде штаттағы адам саны 3-тен 30-га дейін өсті. Қазіргі уақытта команда құрамында Алматы, Нұр-Сұлтан, Бішкек және Мәскеу тұрғындары бар, ал студия Astana Hub резиденті болып табылады.

Адметтің цифрлық және ақпараттық технологиялар саласында 8 жылдан астам тәжірибесі бар. Ұзақ уақыт бойы ол өзге компанияларда жалдамалы жұмысшы болып келген. Ол шетелдік клиенттермен жұмыс жасаудың барлық мүмкіндіктерін түсіне бастаған уақытта, өз кәсібін қолға алуды ұйғарды.

Оның IT экспортындағы ең алғашқы қадамы, ол бағдарламашыларға арналған ең ірі мектептердің бірі - SkillFactory-мен келісімшартқа отырып, product-менеджментті онлайн оқытқан уақыттан басталды.

Сонан кейін, Адмет АҚШ пен Канададағы ең ірі SMS маркетингтік өнімдерінің бірі болып табылатын американдық Simple Texting компаниясына  «Technical product» менеджері болып жұмысқа орналасты.

Қазақстандық жігіттің Американдық компанияда жұмыс істеу барысында көптеген  клиенттер мен компаниялардан тұратын таныстық жүйесі ұлғая түсті. Осы орайда, оған өзінің жеке IT студиясын ұйымдастыру идеясы келді.

Адмет өзінің аутсорсингтегі таңдауы IT саласына түскенінің басты себебін, бұл саланың кадрларға деген жоғары сұранысымен және қазақстандық мамандардың бәсекеге қабілеттілігімен түсіндірді.

«Біздің мамандар қызметінің құны, Украина және Беларусь елдерімен салыстырғанда әлдеқайда төмен, өйткені бұл елдер өздерінің қызметтерін ұзақ уақыт экспорттап келеді және шетелдік компаниялар арасында жақсы имидж қалыптастырған. Қазір олардың бағасы батыстық бағаларға жақын», дейді ол.

Оның ойынша бағдарламашыларға заманауи технологиялар шекараны сызып тастап, тұрғылықты мекеніне қарамастан, әлемнің түкпір-түкпірінен жұмыс табу мүмкіндігін берді. Бағдарламашы ұлтқа, елге бөлінбейді, ең мағыздысы кәсіби шеберлік пен коммуникация қабілеті.

Қазіргі таңда  олардың тобы product owner, дизайнерлер, бағдарламашылар, QA, DevOps-тан тұрады, бұл оларға жобаларды толықтай жүзеге асыруына  мүмкіндік береді.

Адмет шетелдік компаниялардың Қазақстандық жігіттерге деген көзқарасы өзгеріп келеді дейді. Шетелдіктер жерлестеріміз туралы көбірек мәлімет білуге ​​ниет білдіруде, себебі  біздің қазақ жігіттерінің ағылшын тілін жетік білуі олар үшін жаңалық болды дейді ол.

«Қазақстандық бағдарламашылар шетелдік компаниялар үшін үлкен жаңалық болды. Шетелдік серіктестер жерлестерімізді әлі ешкім ашпаған алтын кен орнына бағалап, бізбен  алғашқы серіктес болғылары келетінін  жасырмады», дейді Адмет.

Адметтің ойынша, шетелдіктерді Казақстандағы IT сапасының жоғары екендігіне сендіру үшін,  еліміздегі  IT пректтерді бүкіл әлемге танытып, осы бағытта елдер арасында өзіміздің дұрыс иммиджімізді қалыптастыруымыз керек.

«Біздің мамандар бұл салада қарқынды  дамып жатыр, бізде сәтті жобаларымыз өте көп және біз ешкімнен кем түспейміз», деді ол.