«Батыс су арнасы» ЖШС мәлім еткеніндей, 30 маусым күні сағат 20:00-де Ш.Айталиев пен Алматы көшелерінің қиылысында су құбыры жарылған. Құдықтар мен жеке тұрғын үйлердің аулаларында су сору жұмыстары жүргізілді.
«Қазіргі таңда 350-ге жуық абонент сусыз қалып отыр. Тұрғындарға су жеткізу жұмыстары ұйымдастырылды. Шамамен 1 шілде күні сағат 22:00-ге дейін жүргізілетін өндеу жұмыстарына апаттық техника, экскаватор, вакуумдық машина, МТЗ-82 базасында сорғы тартылған», деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.