Саясат • 02 Шілде, 2021

Гендерлік теңдіктің салиқалы саясаты. Мемлекет басшысы әйелдерді қолдау жалғасатынын мәлімдеді

451 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев «БҰҰ – әйелдер» құрылымының Франция және Мексика үкіметтерімен бірлесіп ұйымдастырған «Ұрпақ теңдігі» жаһандық форумының қатысушыларына бейнеүндеу жасады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Гендерлік теңдіктің салиқалы саясаты. Мемлекет басшысы әйелдерді қолдау жалғасатынын мәлімдеді

Виртуалды форматта өт­кен жиын гендерлік теңдік сала­сындағы жаһандық күш-жігерді үйлестіруге арналған. Форумның негізгі мақсаты – осы процеске тартылған барлық қатысушының нақты міндеттемелеріне негіз­делген көпжақты механизм қа­лыптастыру.
Мемлекет басшысы өз сө­зінде Қазақстан Тәуелсіздік ал­ғаннан бастап 30 жыл бойы әйел­дерді қолдауға бағытталған са­лиқалы саясатты дәйекті түрде жүргізіп келе жатқанын атап өтті.
– 2030 жылға дейінгі отба­сы және гендерлік саясат тұжы­рым­дамасын басты негізге алған берік құқықтық база қалып­тастырдық. Өткен айда адам құқығына қатысты алдағы уа­қытта атқарылатын шаралар ту­ра­лы Жарлыққа қол қойдым. Оның негізгі бағыттарының бірі – ген­­дерлік теңдікті қамтамасыз ету. Гендерлік мәселені шешу – өңір­­лік өлшем бойынша елі­міздің сыртқы саясаттағы ба­сым­­дық­­тарының бірі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Президент Қазақстанның «Гендерлік зор­лық-зомбылыққа қарсы іс-қи­мыл коалициясы» және «Эконо­микалық әділдік пен құқық жөніндегі іс-қимыл коалициясы» сияқты екі серіктес бірлестікке қосылатынын мәлімдеді. Бұл мемлекеттің бірқатар міндеттеме қабылдағанын білдіреді.
Атап айтқанда, әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың таралуы туралы жалпыұлттық зерттеу жұмысын қолға алу жөнінде шешімін айтты.
Мемлекет басшысы ген­дер­лік теңдік және зорлық-зомбылықтың алдын алу бо­йынша озық тәжірибемен бөлісу үшін Орталық Азияда өңірлік білім платформасын құру туралы бастама көтерді.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ мен Еуропалық Одақтың Орта­лық Азия мен Ауғанстанға ар­нал­ған «Жарық сәулесі» өңірлік бастамасына инвестиция салуға дайын екенін атап өтті.
Бұдан бөлек, Президент әйел кә­сіпкерлерді қолдау үшін елі­міздің барлық өңірінде ресурс­тық орталықтар құру жоспары туралы мәлімет берді.
Мемлекет басшысы заң­на­малық деңгейде қабылданып жатқан шаралар туралы айта келіп, әйелдер үшін тыйым са­лын­ған мамандықтар тізімін қай­та қарауға, сондай-ақ әйелдер мен балаларды әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қолдауды күшейтуге ниетті екенін жет­кіз­ді.
Қасым-Жомарт Тоқаев сөзі­нің соңында әйелдердің тең­дігі мен қауіпсіздігін қорғау­ға, олардың құқықтары мен мүм­кін­­діктерін кеңейтуге бағыт­талған игі істі еліміздің толық қол­­дайтынын нақтылады.