Саясат • 02 Шілде, 2021

ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының отырысына қатысты

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров кеше Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің бейне-конференция байланысы түріндегі отырысына қатысты, деп хабарлады осы Палатаның баспасөз қызметі.

ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының отырысына қатысты

Отырыс барысында Ұжым­дық қауіпсіздік кеңесінің жел­тоқсан сессиясының қоры­тын­дылары, ұйымның жауап­кер­лік аймағындағы жағдай жә­не халықаралық шарттарды ра­тификациялау барысы талқы­ланды.
Депутаттар сондай-ақ ҰҚШҰ жауапкершілік айма­ғында экстремизм мен терро­ризм­нің таралу қаупіне қар­сы іс-қимыл мәселелерін, сон­дай-ақ ұйымға қатысушы ел­дер­де осы жылы өткен пар­ла­­мент­тік және президенттік сайлау­ға ҰҚШҰ Парламенттік Ас­сам­блеясынан барған халық­ара­лық байқаушылардың жұмыс нәти­желерін қарады.