01 Қаңтар, 2014

СӨЗ СОЙЫЛ №1

594 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
Әзіл - оспақ, сын - сықақ БҰЛАРҒА НЕ БОЛҒАН, ӨЗІ?.. Бетін аулақ, өзімен кет­сін!.. Тып-тыныш, қыбыр-жыбыр тіршілікке не жетсін. Дегенмен, бүгінгі басымнан өткен бірлі-екілі жайт жай таптырар емес. Қызметке кетіп бара жатып, көпшілік көлікте бір егделеу кісіге отырған орнымды ұсынып едім: – Отыр өзің! – деді алара қарап: – Не мені кәртайып қаусап тұр деймісің! Құдайға шүкір, мығыммын, әлдімін, шымырмын! Омалып отыр­ғанның бетін аулақ қылсын! Не мені отыра қалатын мүгедек деп ойлап па едің! Он екі мүшем дін аман. Қарай гөр мұның мүсіркеуін! Тапқан екенсің қаусаған кәрі шалды!   Әзіл - оспақ, сын - сықақ БҰЛАРҒА НЕ БОЛҒАН, ӨЗІ?.. Бетін аулақ, өзімен кет­сін!.. Тып-тыныш, қыбыр-жыбыр тіршілікке не жетсін. Дегенмен, бүгінгі басымнан өткен бірлі-екілі жайт жай таптырар емес. Қызметке кетіп бара жатып, көпшілік көлікте бір егделеу кісіге отырған орнымды ұсынып едім: – Отыр өзің! – деді алара қарап: – Не мені кәртайып қаусап тұр деймісің! Құдайға шүкір, мығыммын, әлдімін, шымырмын! Омалып отыр­ғанның бетін аулақ қылсын! Не мені отыра қалатын мүгедек деп ойлап па едің! Он екі мүшем дін аман. Қарай гөр мұның мүсіркеуін! Тапқан екенсің қаусаған кәрі шалды! Әлгіден әңкі-тәңкі құты­лып, көше қиылысында қолына таяқ ұстаған әкейді қолтығынан ұстай қойып едім, қолымды қағып: – Тәйт әрі, жөніңе жүре бер! Көшеден өтуім бірінші рет деп пе едің. Көргенсіз неме, шап беріп ұстай алуын! Өзім-ақ өтемін. Мені бір бейшара етуін. Сендерге сенсек орта тұста орға жығып жазатайым­ етерсіңдер, – деп таяғын төбесіне көтеріп ұрудан тайынар емес, бас сауғалап арғы бетке безе жөнелдім. Ызаға булығып, жарылып кетердей болып үйге келсем әйелім: – Шал-ау, не болған саған, түрің өрт сөндіргендей. Бәрі құрысын, осы тірлікті бұйыртқан жаратқанға айтарымыз алғыс. Жаңа жылдың алғашқы күні демалшы елдің еркегі құсап, – деп сырт киімімді іліп жатыр. Оның бұрын жоқ бұл қылығы қытығыма тиіп, тіл ұшына келген тікенек тіркестер ағытылғанын өзім де сезбей қалдым... Асханадағы алдымда тұрған үш-төрт бөтелке сыраны балық-малығымен қосып сыртқа атып жібердім... Ерсұлтан МАҒЖАН. ТАЛДЫҚОРҒАН. 01-Соз сойыл-3 2 СОЛ ҮШІН... Бір ер адам орманда келе жатып құрбақаға кезігіп қалады. – Мені ала кет, керегім болып қалады, – дейді құрбақа. Айтқанын тыңдап, оны ала кетіп үйіне келген соң тамақтанып, құрбақаны да тамақтандырып ұйқы­ға жата қалайын деп тұр­ға­нында әлгісі: – Мені жаныңа алып жатшы! – демесі бар ма. Онысын да орындап, жанына жатқыза қойып еді, әлгісі қор қызына айналып сала берсін... Сол кез әйелі келе қалсын... Қайтсін, болған жайды ант-су іше әйелге баяндап еді... Әйелі сенген болды. Осы тосты әйелдеріміздің «ант-су іше» айтқан ертегілері­міз­ге үнемі сенуі үшін алайық!   * * * Африкада жыртқыш аңдар көп екені белгілі. Олар қапылыста бас салуы мүмкін. Ал онда шақса мүрдем кетіретін улы жыландар да өріп жүретіні белгілі. Егер ол қолыңнан шақса, өзің-ақ шаққан жерін сорып түкіріп тас­тай аласың. Аяғыңнан шақса да сөйте аласың. Ал егер ол пәлекет құйрық тұсыңнан шағып алса ше?!. Осы тосты осындай қиын кезде көмекке келетін нағыз дос­тар үшін алайық!   * * * Аулада жүрген екі қораз айда кеп шекіссін. Төбелесте жеңгені үйдің төбесіне шығып алып, шаттана қышқырып тұрғанында бүркіт келіп бүріп алып кете барады. Мен осы тосты асып-тасыған күш пен сабырлық,салмақты­лық­тың әрқашан да сабақтасып жатуы үшін алып қойсақ деймін. 01-Соз сойыл-3 1 ЖҰМБАҚ Бірінші сеанс Жылдың соңғы күні – Экранда – тәуіп, Екі көзін жауып, Таспиығын «сауып» Сөйлеп отыр: – Біріңіз, бәлкім, Тырдай боп шешінерсіз, Біріңіз ұйықтап, Біріңіз есінерсіз. Біріңіз сылқ-сылқ күліп, Біріңіз жынды адамдай есірерсіз, Біріңіз от тұтатып, Біріңіз сол отты өшірерсіз, Біріңіз мүмкін, Біреудің қасында жатқан шығарсыз. Ол жағын кешірерсіз. Бірақ мәселе онда емес, Қалай отырсаңыз, олай отырыңыз. Малдас құрып отырсыз ба – Онда, солай отырыңыз. Қыбыр етпеңіз. Тізеңізді дірілдетпеңіз, Ештеңе ойламаңыз, Өзіңізді өзіңіз зорлап, Бір ойға бойламаңыз. Сонда құлан-таза айығасыз. Сау денсаулығыңызды қайырасыз. Сөйтіп, кеселіңіздің беті дап-дала болады. Ең бастысы, әппақ шашыңыз – Түп-түгел қап-қара болады. Ал енді ағайын, Мен оннан бірге дейін санайын: Он, тоғыз, сегіз... Әй былшиған семіз! Қалғымай отыр! Жеті, алты, бес жарым... Әй месқарын! Жас қызға қырындап, алжымай отыр. Бес, төрт, үш... Тысс... Үндемей отыр. Әй, қазанбас! Қасыңдағы келіншектің құлағын үрлемей отыр. Екі, бір... жарайды. Әне, шашыңыз түгел қарайды. Екінші сеанс Жылдың алғашқы күні – Желкемізде жұбайымыз, Қазақша айтсақ «құдайымыз», Жұтып жіберердей жұлынып тұр. Шыбын жанымыз шырқырап, Бір сабақ жіпке ілініп тұр. – Намысың жоқ, тегің жоқ, Не киетұғын кебің жоқ, Не мал жейтұғын шөбің жоқ, Не ел жейтұғын соғым жоқ Айтшы, неғып жоқ? Керісінше, жылау көп. Нең жоқ деп ең болмаса, Оқта-текте сұрау жоқ. Өйткені, бұл үйдің еркегі жоқ, Болса, ертеңі жоқ. Жұмыс та жоқ – Үйде жатыр байлаулы Арылдаған сабакі боп. Жұмыста жоқ болғасын – жалақы жоқ. Еркекті тоқпақтайтын келтек жоқ. Болды, бітті онға дейін санаймын. Тапсаң – таптың, таппасаң – Төркініме тайып тұрам. Айтпады деме, Мұрыныңды ескек, Құлағыңды қайық қылам. Бір, екі, екі жарым... Әй, қу құлақ! Қашанғы қол жайып отырамын. Қимылдасаңшы... Үш, төрт, бес, алты, Туу, түрің құрысын кәпір, Тіпті қарауға жалкы. Жеті, сегіз, тоғыз... Әй, өгіз, қоңыз, доңыз, Қазір он болады. Сені тастап тайып тұрсам, Қалай асырайсың он баланы? Бірдеңе десейші... О-о-н! Әйелдің қолы ербеңдеп, Көздері аларып кетті. Тәуіп зорға қарайтқан шашым Лезде ағарып кетті. Толымбек ӘЛІМБЕКҰЛЫ. АЛМАТЫ.   «ҚЫЗЫЛКӨЗ» КӨМЕКШІ Петр Козлов жылдың бірінші күні әрең-пәрең үйінің кіреберісіне ене беріп: – Тоқта! Қолыңды көтер! – деген өктем дауысты естіп: – Немене?! – деп түкке түсінбеген болды. Анау екілене: – Қолыңды көтер! – деп тапаншасын бұның желкесіне тақады. Козлов: – Көтере алмаймын, қолым бос емес қой, – деді. – Қалайша бос емес? – деп сұраған болды қызылкөз тонаушы. – Қос қолымда дорба, көрмей тұрмысың?! – деп Козлов кейістік білдірді. – Қараңғылау жерде көрінбейді екен. Дорбаңдағы не?! – деп қарақшы төне түсті. – Не болушы еді, әк, сыр, желім... үйіме жөндеу жүргізуші едім, солардың керек-жарағы, – деп түсіндірген сыңай танытты. Тонаушы да кәсібіне басып: – Алтын, жауһар бар ма? – деп сұрап қалды. Козлов та кекесінмен: – Болғанда қандай! Қалтам толы алтын, жауһарлар ышқырымда! – деп жатыр. – Ақша ше!? – деп тонаушы да үмітін үзер емес. – Қайдағы ақша! – Козлов ақырып қалды, – Жөндеу жұмысын қолға аламын деп қарызға белшемнен баттым! Мұны естіп тонаушы түйсігі бар пенде екен: – Е, иә, жөндеу жұмыстары бітіріп жібереді, – деп Козловқа аяушылықпен қарап: –          Бір нәрсе бар ма өзіңде? – деп тапаншасының ұңғысын төмен түсірген болды. – Темекім ғана бар. Ол да фильтірсіз, – деп Козлов мүләйімсіген болды. – Шайтан алғыр, әкел! – деп тонаушы тапаншасын жасырып, Козловпен қарапайым әңгімеге көшті. – Жөндесетін көмекшің бар ма? – Е, жоқ-а! Бір өзім. – Менің сырлау-әктеуден өнерім бар. Қарсы болма­саң көмектесейін. – Көмегіңе төлей қояр ақшам жоқ. – Жүз грамм табылып қалар? Мына аязда жаураған сияқтымын. – Екі жүз құюға шамам жетеді, – деп Козлов тонаушыға жылы жүзбен қарап еді, анау: – Онда не тұрыс, әрі Жаңа жылыңыз құтты болсын!   – деп, Козловтың сөмкесін көтерісіп жоғарыға көтеріле берді... Антон МАКУНИ.   ШЫРША ЖАНЫНДАҒЫ ЖЫМИЫС Екі студенттің әңгімесі: – Жаңа жыл мерекесі түнінде қайда отырамыз? – Былтыр «агентте» болдық, биыл «фейсбукте» отыратын шығармыз... * * * Еркектің өсіп-жетілуінің үш сатысы: 1. Ең әуелі Аяз атаның алдауына сенеді. 2. «Аяз ата алдап жүр екен ғой» деп сенбейтін болады. 3. Өзі Аяз ата болып, балаларды алдайды. * * * – Сен неге әр рюмканы көтерген сайын көзіңді жұмып аласың? – Мен былтырғы Жаңа жылда әйеліме «рюмкаға енді қарамаймын» деп уәде беріп ем... * * * Егер Жаңа жыл түнінде дала ыстық болып, қар орнында үйіліп құм жатса, ал күткен Аяз атаңыз түйемен келіп жетсе... онда сіздің Египетте болғаныңыз... * * * – Біздің көріп-біліп жүрген Аяз ата мен шетелдің Санта Клаусының ерекшелігі неде? – Шетелдікі ылғи жалғыз өзі сап-сау қалпы қыдырып жүрсе, біздікі үнемі жанында қызы бар, мұрны қызарып қызып жүреді...   Әзілің жарасса... 01-Соз сойыл-3 3 «Вокруг смеха» журналынан алынды.   ЖАҢА ЖЫЛДАҒЫ ШОЛАҚ МЫЛТЫҚ Бір әйел Жаңа жылдың түн ортасында оянып кетіп қараса, күйеуі орнында жоқ екен. Тұрып асүйге барса, күйеуі ойлы кейіпте бір нүктеге қараған бойы кофе ішіп отыр екен. Күйеуінің көзіндегі жасты көрген әйелі: – Не болды, жаным? – дейді. – Есіңде ме, 20 жыл бұрын екеуміз кездесе бастағанда небәрі 16 жаста ғана емес пе ек? – Есімде. – Екеуміз мәшинеде сырласып отырған жерімізде әкеңнің бізді ұстап алғаны ше? – Иә, есімде, жаным. – Ал басыма мылтығын тақап тұрып сені алмасам, 20 жылға сотталатынымды айтқаны ше? – Есімде. Күйеуі көз жасын сүртіп: – Сол кезде үйленбегенімде мына келген Жаңа жылда босап шыққандай екем... – депті. Мүйісті жүргізетін Берік САДЫР
Соңғы жаңалықтар

Адам құқығы – басты назарда

Ата заң • 21 Ақпан, 2026