Бас қалада карантиннің күшейтілуіне қарамастан коронавирус жұқтырғандардың қатары күрт өсті. Маусымның соңғы тәулігінде сырқаттанушылардың саны 800-ден асты. Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты карантин үшінші мәрте күшейтілген жайы бар.

Елордада тұрғындар арасында коронавирус инфекциясының өсуін мамандар ең агрессивті және тез таралатын үнді штамымен байланыстырып отыр. «Сарапшылар қазіргі уақытта коронавирус әлемде белсенді түрде мутацияға ұшырап жатқанын айтады. Мысалы, «дельта» штамы бұған дейінгілерге қарағанда 60%-ға жұқпалы болып келеді, балалар арасында да «дельта» штамын жұқтыру жиілеп барады», деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Дәрігерлердің айтуынша, инфекцияны әлі вакцина алмаған адамдар жұқтыруға бейім келеді, сондықтан ковидпен күресудің жалғыз жолы – жаппай егілу.
Нұр-Сұлтанда вакцина алғандардың саны өткен апталармен салыстырғанда бес еседей өсіп, тәулігіне 7 мыңнан асып отыр. Ресми мәлімет бойынша бүгінге дейін барлығы 229 мыңнан астам адам екпенің алғашқы компонентін алған. Дегенмен бұл – әлі де аз. Сондықтан қалалық әкімдік және мекемелер, ұйымдар жұртшылықты вакциналауға ынталандыру үшін көптеген шара мен акция өткізіп жатыр. Атап айтқанда, вакцина алған елордалықтардың арасында жиырма iPhone12 ойнатылады. Аптасына екі рет жүргізілетін ұтыс ойынына медициналық мекемелерде, сауда-ойын-сауық орталықтарында вакцина алғандар қатыса алады.
Бас қала әкімдігі сайтындағы мәліметке сүйенсек, жеңімпаз Birge платформасындағы кездейсоқ қызмет арқылы анықталады. Вакциналанғандар бойынша ақпарат Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтерімен бірігеді. Сервисте екпе алған адамның id-нөмірі ғана көрінетін болады. Жеңімпазды сервис кездейсоқ анықтайды. Ол Facebook пен Instagram арқылы тікелей эфирде өткізіледі.
«IPhone12 алғашқы ұтыс ойыны 8 шілде күні өтеді. Алғашқы ұтыс ойынына 6 шілдеге дейін екпе алғандардың бәрі қатыса алады. Нұр-Сұлтан қаласында 7 шілде күні вакциналанғандардың базасы дайындалады. Сонымен қатар 31 тамызға дейін егілген азаматтар арасында екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны өткізіледі. Сол сияқты бұған дейін «MEGA Silk Way» СОО өзінің егу пунктінде вакцинаның бірінші компонентін алғандар арасында автомобиль ойнатылатынын жариялады. Ал «Азия Парк», «Сарыарқа», «Абу-Даби Плаза», «Керуен», «Еуразия» СОО-ларында және басқа да сауда үйлерінде компьютерлік, тұрмыстық техника, жеңілдік купондары түріндегі түрлі сыйлықтар ойнатылып жатыр», делінген сайтта жарияланған материалда.
Әкімдік вакциналанғандарды ынталандыру мақсатында осындай акциялар өткізіп жатқанда қалада карантиндік шаралар үшінші мәрте күшейді. Ресми мәлімет бойынша енді 4 шілдеден бастап Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін тамақтану орындарының (мейрамханалар, дәмханалар) уақыты 02:00-ден 22:00-ге дейін (жабық жерлерде), ал сыртта, яғни есік алдында жұмыс істейтін тамақтану орындарының уақыты 02:00-ден 00:00-ге дейін қысқарады. Жексенбі күндері қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады. Бұл күні автобустарға зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Ashyq жобасын қолданбайтын фитнес-орталықтардың (йога орталықтары, т.б.) жұмысы тоқтайды. Ал Ashyq жобасы бойынша істейтін фитнес-орталықтар (йога орталықтары, т.б.) дүйсенбі-жұма күндері жұмыс істесе, демалыс күндері жұмыс істемейді. «Қалада қатаң карантиндік шараларды енгізбес үшін ұжымдық иммунитетті дамыту қажет. Ал ұжымдық иммунитеттің үлесі 60%-дан асуға тиіс. Медицина қызметкерлерінің 90%-дан астамы, ал коммуналдық қызметкерлердің 70%-дан астамы коронавирусқа қарсы егілді», дейді елорда әкімдігінің ресми сайты.
Елордада заңсыз қоқыс тастағандарға 16 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Елорда • Бүгін, 18:22
Сауд Арабиясының королі ауруханадан шықты
Әлем • Бүгін, 18:12
ҰҚШҰ Орталық Азияның оңтүстік шекарасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек – Тоқаев
Президент • Бүгін, 18:01
Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық мәлімдемесі қабылданды
Президент • Бүгін, 17:56
Аймақтық қауіпсіздікті сақтау ҰҚШҰ-ның басты міндеті – Қ.Тоқаев
Президент • Бүгін, 17:51
Президент ҰҚШҰ-ның мерейтойлық саммитіне қатысты
Президент • Бүгін, 17:50
Биыл Алматыда мың жас баспаналы болады
Аймақтар • Бүгін, 17:44
Иракта құмды дауыл салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды
Әлем • Бүгін, 17:36
Ақтау теңіз портында контейнерлік хаб құрылады
Қазақстан • Бүгін, 17:24
Президент ҰҚШҰ-ның мерейтойлық саммитіне қатысып жатыр
Президент • Бүгін, 17:20
АҚШ-та шіркеуге шабуыл жасалды
Оқиға • Бүгін, 17:15
Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтаруы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 17:02
Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаражатын жымқырған болуы мүмкін
ANTIKOR • Бүгін, 16:49
Елорда маңайындағы жасыл белдеуге 450 мыңнан астам көшет отырғызылады
Елорда • Бүгін, 16:48
Алматы-Ташкент пойызы қайта жүре бастады
Қоғам • Бүгін, 16:33
Батыс Қазақстанда жастар штабы құрылды
Аймақтар • Бүгін, 16:23
Болат Әбіловтың қандай партия құратыны белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 16:12
Жыл басынан бері 25 адам суға батып кеткен
Қоғам • Бүгін, 16:02
Қаржы • Бүгін, 15:55
Алматылық спортшылар Сурдлимпиадада 11 медаль жеңіп алды
Қазақстан • Бүгін, 15:43
«Қазақстан халқына» қоры қайырымдылық бағдарламасын іске қосты
Қоғам • Бүгін, 15:32
Текелідегі лай көшкінінен зардап шеккендерге үй беріледі
Аймақтар • Бүгін, 15:21
Қызылордада 16 адамды алдаған алаяқтар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Еліміздегі ақылы автотұрақтарға өзгеріс енгізілді
Елорда • Бүгін, 15:05
Алматыда құны 1,8 млрд теңге болатын контрафактілік автобөлшектер табылды
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Шомылуға рұқсат етілген жерлерді мобильді қосымша арқылы көруге болады
Қоғам • Бүгін, 14:23
ТЖМ шомылуға рұқсат етілген жерлерді белгіледі
Қоғам • Бүгін, 13:52
4 пайыздық автонесиенің сақтандыру шығынын кім төлейді?
Қоғам • Бүгін, 13:28
Қосшыда жеті жасар қыз пеште тұншығып қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 13:09
«Мерейлі отбасы» конкурсына өтінімдер қабылдау басталды
Қазақстан • Бүгін, 12:47
Қызылордада полиция ғимаратына қарулы шабуыл жасағандар ұсталды
Оқиға • Бүгін, 12:35
Зейнеткерлерге автонесие беріле ме?
Қоғам • Бүгін, 12:18
Есірткі сататын 655 сайт бұғатталды
Қоғам • Бүгін, 12:09
4 пайыздық автонесиені беретін 4 банк анықталды
Қоғам • Бүгін, 11:58
Елімізде бір аптада 3,1 мың қылмыс тіркелді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Тобылдың» бас бапкері қызметінен кетті
Футбол • Бүгін, 11:38
Бос жерлерге қауіпті қалдық төккен: бірнеше өңірде шенеуніктер жауапқа тартылды
Қазақстан • Бүгін, 11:30
Перуде автобус жардан құлап, 11 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 11:17
Шымкентте BeeTV 80 челленджер турнирі басталды
Теннис • Бүгін, 11:03
Елімізде 571 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Қоғам • Бүгін, 10:58
Ұқсас жаңалықтар