БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекші маманы Мөлдір Садырғалиеваның мәліметінше, оқиға 1 шілде күні сағат 21.00-де Жаңақала ауданы аумағында болды.
Чапаев-Жаңақала-Сайқын жолында Жолқұдық елді мекені тұсында 1987 жылғы жүргізуші «Лада Гранта» автокөлігімен қарсы бетке шығып кеткен. Соның салдарынан 1993 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «ВАЗ-2107» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Жол апатынан 4 адам қаза тапты, соның біреуі – 7 жасар бала. Жаңақала аудандық орталық ауруханасына 8 адам жатқызылды, соның алтауы – кәмелетке толмағандар.
Қазіргі кезде осы оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.