Бұған мұнай желісіндегі ақау себеп болып отыр.
«Екінші буын зауытының мұнай желісінде клапанның жабылу себебінен зауыт жұмысы мен шикі газды жер қойнауына айдау өндірісі тоқтатылды. Өндіріс пен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында отын газы жағылды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Енді департамент мамандары жоспардан тыс тексеру жүргізбек. Сол кезде ақаудың себептері мен өзге де мәліметтер анықталады.