Қазақстанда тіркелген Eurasian Space Ventures (ESV) жеке компаниясы бизнестің қатысуымен әлемдік ғарыш жобаларының орталығы болуды жоспарлап отыр. Бұл кеудемсоқтық емес. Жақында ғана ESV бірден екі ғарыштық бастамасын жария етті, олар цифрлық қауіпсіздікке ғана емес, сонымен бірге білімге қол жеткізу шеңберін кеңейте алады. Екі жоба да әйгілі кәсіпкер және жаңалыққа құштар Илон Маск SpaceX Falcon 9 зымыранының бортында жүзеге асырылды.

Ғарыштағы криптобиржа
Biteeu платформасы (ESV бақылауындағы және басқаруындағы) криптовалюта алмасу бойынша әлемдегі алғашқы ғарыш биржасы болмақ. Biteeu бірлескен бағдарлама бойынша Falcon 9 бортында цифрлық қауіпсіздік инфрақұрылымын ойдағыдай іске қосты. SpaceChain жасаған ғарыштық тораптық модуль зымыранмен тасымалданатын YAM-2 жерсерігіне орнатылды. Жерсеріктерді басқару операторы loft Orbital стартапы болып табылады.
Алдағы күзде іске қосылғаннан кейін ғарыш торабы Bitcoin транзакцияларын ғарыштан мультиқолтаңба көмегімен өңдейтін болады. Бұл технология бір қолтаңбалы стандартты әдістерге қарағанда транзакцияны қауіпсіз ететін криптоәмиян мекенжайынан транзакцияны авторизациялауға арналған біреуден артық жабық кілтті талап етеді.
Цифрлық валюталардың танымалдылығы артқан сайын оларды пайдалану қауіпсіздігінің мәселесі өзекті болып келеді. "Инновациялық орталықтандырылмаған ғарыштық технологияның көмегімен біз қауіпсіздіктегі осалдықты жойып, институционалдық және бөлшек трейдерлердің өз қаражаттарын ең үздік сауда жасау тәжірибесімен басқаруға деген сенімін үнемі нығайта аламыз" -деп түсіндірді Biteeu негізін тең қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов.
Аппараттық және бағдарламалық жасақтама сынақтары 2021 жылдың қараша айында аяқталады деп күтілуде. Осыдан кейін Biteeu пайдаланушылары, оның ішіндегі ТМД елдерінде, ғарышта мультиқолтаңбасы бар әмиян арқылы Bitcoin транзакцияларын авторизациялай алады. Бұл деректер мен операциялардың құпиялылығын аса қауіпсіз түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұндай функцияны қосу және Biteeu-дің Bittrex арқылы бірнеше миллиондық өтімділікті бөлісуі ірі институционалды инвесторларды тартуға және транзакция көлемінің айтарлықтай өсетіндігіне иек артуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда криптобиржаның Еуропалық Одақ пен Австралияда лицензиялары бар, бірақ Biteeu әлемдік криптоқауымдастыққа ең қауіпсіз, инновациялық және сенімді сауда платформасын ұсыну мүмкіндігін іздеп жатқанын жасырмайды. Компания негізін қалаушылардың бірі және бас директоры Талғат Досановтың айтуынша, бұл жоба пайдаланушылар үшін деректерді қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету және криптовалюта нарығындағы қауіпсіздік стандарттарын жетілдіру идеясына негізделген.
Spacebiteeu2021 промокодын пайдаланып Biteeu жобасына тіркелетін пайдаланушылар өздерінің аты мен криптовалюта әмияндары ғарыш жобасына қосылғанын және орбитадағы Biteeu ғарыш торабына қауіпсіз жолмен жіберілгенін растайтын сериялық нөмірі бар сертификатты алады.
Қайырымды Жаһан
Eurasian Space Ventures екінші ғарыштық жобасы Divine (ағылшын тілінен аударғанда "Жаратушы") қоғамдық жобасымен байланысты. Оны қазақстандық кәсіпкер Шухрат Ибрагимов негізін қалаған I am PART OF жаһандық қайырымдылық қоры іске қосқан болатын.
Divine - Қасиетті Құранның ілімдерін, "Сахих аль-Бухари" шынайы хадистер жинағын, намаз оқуды, сондай-ақ Дұғалар жинағын және басқа да тиісті материалдарды толық түсінуді қамтамасыз ететін білім беру платформасы. Сонымен қатар бұл -Қасиетті Құранды тікелей сіздің үстіңізден ұшып жүрген жерсеріктен тарату үшін ғарыштық технологияны пайдаланатын әлемдегі жалғыз жоба.
Divine үшін аудио және мультимедиалық файлдар SpaceX Falcon 9 зымыранының бортынан ғарышқа жол тартқан YAM-2 жерсерігіне жүктелді.
"Біздің мақсатымыз - Құран және дін негіздері туралы көбірек білгісі келетін бүкіл әлемдегі адамдарға Ислам туралы сенімді және қолжетімді ақпарат ұсыну", - дейді Шухрат Ибрагимов.
Орбитада ойдағыдай іске қосылған жағдайда, осы жылдың қараша айында Құран файлдары ғарыштан Divine ресми сайты және Divine Live қосымшасы сияқты бірнеше платформаларға таратылатын болады. Айтпақшы, олардың көмегімен пайдаланушылар жерсеріктің орналасқан жерін нақты уақыт режимінде көре алады.
Сондай-ақ мультимедиалық файлдарды бүкіл әлем бойынша интернетке қолжетімділігі шектеулі ауылдық жерлерде орналасқан арнайы құрлық станцияларында орнатылған қабылдағыштарға тарату жоспарлануда.
Пайдаланушылар Құранның қасиетті мәтініне, сондай-ақ толық аудио және мәтіндік сипаттамаларға және ілімнің әртүрлі тілдердегі түсіндірмелеріне қол жеткізе алады. ERG тау-кен металлургия корпорациясы мен Еуразиялық Банктің Директорлар кеңесіне кіретін Шухрат Ибрагимов аталған қоғамдық жобаны басқа діндерді ұстанатын адамдар үшін де дамытуға тырысатыны туралы мәлімдеді.
Заманауи ғарыштық технологиялар көмегімен біз бүкіл әлем бойынша адамдарды кеңінен қамту үшін құрлық инфрақұрылымының шектеулеріне қарсы тұрамыз, бірегей жобаларды жасап қана қоймай, әлемді ізгілендіреміз.
Eurasian Space Ventures ғарыштық жобаларды одан әрі жүзеге асыруды жоспарлап отыр. ESV және SpaceChain екі жыл ішінде ғарыштық технологиялар саласындағы ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды одан әрі дамыту үшін Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюды аяқталғаны белгілі болды.
Түркологтың телегей еңбегі ескерілді
Руханият • Бүгін, 20:45
12 аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 20:23
Пикассо картинасы 67,5 млн долларға бағаланды
Өнер • Бүгін, 20:00
Жайна Шекербекова Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Бокс • Бүгін, 19:47
Саяси партия құру тәртібі жеңілдейді
Саясат • Бүгін, 19:30
Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктері кеңейеді
Қоғам • Бүгін, 19:12
Елордада іскер әйелдер қауымдастығы дөңгелек үстел өткізді
Елорда • Бүгін, 18:58
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына өтті
Бокс • Бүгін, 18:43
Қазақстандық мамандар халықаралық дәрежедегі төреші атағын иеленді
Қазақстан • Бүгін, 18:25
Шетелдік мультфильмдерді қазақ тіліне аударуға қанша қаржы бөлінді
Қоғам • Бүгін, 18:16
Тыйым салынған діни кітаптарды таратқан әйел жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 18:00
БҰҰ Қазақстанның экология саласындағы бастамаларына қолдау жасайды
Экология • Бүгін, 17:52
Алматыда «Атакент» маңында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 17:45
Nickelodeon мультфильмдері қазақ тілінде көрсетіле бастады
Қоғам • Бүгін, 17:38
Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысты қосымша тапсырма берді
Қоғам • Бүгін, 17:33
Аймақтар • Бүгін, 17:27
«Bala Qorgau» интернет-ресурсы іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 17:17
Мемлекет басшысы Садыр Жапаровпен сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:06
Президент Алматы қаласының әкімін қабылдады
Президент • Бүгін, 17:00
Қаржы • Бүгін, 16:56
Президент туған күніне байланысты құттықтаулар әлі де келіп жатыр
Президент • Бүгін, 16:52
Мәжіліс депутаттары халықты референдумға қатысуға шақырды
Парламент • Бүгін, 16:45
Аймақтар • Бүгін, 16:38
Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы өзгерді
Қазақстан • Бүгін, 16:30
Қазақстан-Чехия бағытында әуе рейсі ашылады
Қазақстан • Бүгін, 16:27
Павлодар жағалауында қамыс өртенді
Оқиға • Бүгін, 16:17
Ұлттық банк теңгенің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Бүгін, 16:10
35 мыңға жуық ресейлік азамат Қазақстаннан ЖСН алған
Қоғам • Бүгін, 15:57
Еліміздегі Pfizer вакцинасының жарамдылық мерзімі маусымда аяқталады
Коронавирус • Бүгін, 15:51
Енді қаржы пирамидалары жайлы SMS арқылы ескертіледі
Қоғам • Бүгін, 15:44
Көкшетауда есірткі тасымалдаған жас жігіт ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:32
Пандемиямен күреске қанша қаржы жұмсалғаны айтылды
Коронавирус • Бүгін, 15:28
Жамбылда жалған неке куәлігін жасатқан әйел ұсталды
Оқиға • Бүгін, 15:22
«Бәйтерек» холдингінің басқарушы директорлары қысқарды
Қазақстан • Бүгін, 15:18
Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары тағайындалды
Президент • Бүгін, 15:11
Қоғам • Бүгін, 15:10
Финляндия мен Швеция НАТО-ға мүшелікке ресми өтініш берді
Әлем • Бүгін, 15:00
Шымкентте жол апатынан бір адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:50
Елімізде киік саны көбейіп келеді
Қазақстан • Бүгін, 14:41
Қала көшелерінде көкпар тартқандар қамалды
Оқиға • Бүгін, 14:30
Ұқсас жаңалықтар