Қоғам • 03 Шілде, 2021

Алматыда бірнеше қойма өртеніп кетті

3780 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өртті сөндіруге 81 қызметкер, 24 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда бірнеше қойма өртеніп кетті

Алматыда бірнеше тауар қоймасы өртеніп кетті. Оқиға  Жетісу ауданы, Солтүстік айналма жол, 87Г мекенжайында болған.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт шыққаны туралы хабар 101 пультіне сағат 04:44-те түскен. Өрт сөндірушілер 5 минутта оқиға орнына барып, жалынның басқа қоймаларға да қауіп төндіріп тұрғанын анықтады. 

Тілсіз жауды ауыздықтау үшін арнайы штаб жасақталып, 81 қызметкер мен 24 техника жеткізілді. Төрт учаске құрылды. Авиация күші тартылды.

Сағат 8:19-да өрт толықтай сөндірілді. 

Өрт аумағы мен себебі анықталып жатыр.