Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатымен ел дәулеті артып, тұғыры нығайғаны әмбеге аян. Тәуелсіздігімізді төрткүл дүниеге паш етіп, дамушы елдерге тән өтпелі кезеңнен өткен еліміздің әр жылы жетістіктер мен жеңістерге толып келеді. Әлеуметтік-экономикалық салада кезең-кезеңімен жүргізілген реформалар қазақстандықтардың ынтымағын арттырып, ырысын тасытты һәм берекесін кіргізді. Халқымызды нұрлы жолға бастаған Елбасымыздың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы аты айтып тұрғандай-ақ өркениетті елдер қатарынан өзіндік орнын белгілеп, өзге елдерге үлгі бола бастағаны тағы бар. Осы елдің төл перзенті ретінде ел мерейін тасытуға қарлығаштың қанатымен су сепкендей септігімді тигізе алсам перзенттік бір парызымның өтелгені деп те санаймын. Біле білсек, бұл құжат әрбір қазақстандықты жігерлендіретін, ұлтжанды азаматтардың бойындағы болашаққа деген сенімді күшейтетін тарихи маңызы бар құндылық екенін өскелең ұрпақ әрдайым есінде ұстаса құба-құп.

Осы тұрғыда, бүгінгі күні елімізде мемлекеттік басқару саласында кең ауқымды реформалар жүргізіліп жатқаны баршамызға мәлім. Бұл реформалардың басты мақсаты – мемлекеттік қызмет саласын уақыт талабына сай жетілдіріп, сапасын жақсарту, басқару жүйесінің тиімділігін арттыру, бүгінгі таңда көрсетіліп отырған мемлекеттік қызмет деңгейін көтеру, кадр саясатын мемлекеттік саясатқа сай жүйелеу сынды көптеген мәселелерді шешуге бағытталып отыр. Жер жәннаты Жетісу жерінде бұл өзгерістер халық тарапынан кең қолдауға ие болып отыр.
Адам баласын бұл өмірде шыңға жетелейтін зор күш бар ол – болашаққа деген сенім мен Отанының өсіп-өркендеуіне өзінің еңбегімен үлес қосамын деген үміті. Адам баласының жан дүниесінің терең қойнауында орын алатын бұл қасиеттер үлкен істердің жүзеге асуына түрткі болады. Келер жыл барша қазақ елі үшін қастерлі жыл болып отыр. Жылқы қазақ үшін ең қасиетті жануардың бірі болып саналған. Бұл жылы тұлпардай көкжиекке талпынып, ұлы істердің ұйытқысы болып, биік-биік белестерді бағындырамыз деген сенім мол.
Тәуелсіздік жылдары жеткен табыстарымыздың алтын кілті ел арасындағы ынтымақ пен бірлік екені айдан анық. Осы татулықты сақтауда және халқымыздың дәулетін арттыруда мемлекеттік қызметкерлердің орны ерекше дегім келеді.
«А» корпусындағы жоғары лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлердің алдына қойылған міндеттер кезең-кезеңімен сапалы іске асырылып отырса соның нәтижесінде еліміздің бәсекеге қабілетті озық елдердің қатарынан көрінетіндігіне кәміл сенемін.
«Б» корпусындағы мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік саясатты іске асыруда ерекше маңызға ие екендігін білеміз. Бұл санаттағы мемлекеттік қызметкерлер халықпен тығыз жұмыс істейтіндіктен қоғамды толғандырып жүрген өзекті мәселелерді шешуде атқаратын міндеттері зор. Сондықтан келер жылдан тағы бір күтерім мемлекеттік қызметкерлердің өз міндеттерін адал орындап, тазалықтың үлгісін көрсете білгені. Екшей білсек, бұл да Елбасының сарабдал саясатына сай елім, жерім деген әр азаматтың көкейіндегі көп ойды іске асыру болып саналады.
2013 жылда қоғамда саяси мәні өте жоғары науқан – ауылдық, кенттік округ әкімдерінің сайлауы болды. Сайланған әкімдер келешекте заңнама талаптарын қатаң басшылыққа алып, өздерінің қызметтерінде заң бұзушылыққа, бейәдеп іс-әрекеттерге жол бермесе екен деген тілек басым. Өйткені, облыстық Тәртіптік кеңес отырысында қаралатын мәселелердің басым бөлігі аудан, қала және ауылдық округ әкімдері тарапынан жіберілген заң бұзушылықтар болып отыр. Бұл олқылықтарды бірлескен шаралар атқарып, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру арқылы келешекте жоямыз деп сеніммен айта аламыз. «Бұлақ басынан тұнады» деген даналықты берік ұстанып алдағы Жаңа жылдан күтерім, сенім биігінен көріну. Түйіндей келе барша қазақстандықтарды жаңа жыл жаңа табыстарға жетелесін, ел іргесі аман, жұртымыз тыныш, Елбасымыз айқындаған нұрлы жолда таймай еңбек ету үшін күш, қайрат, жігер, сарқылмас қуат тілеймін!
Марат ОРАЗАЛИ,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
істері агенттігі Алматы облысы бойынша
департаментінің басшысы – Тәртіптік кеңес төрағасы.
Талдықорған.