«Германия мен Еуропаның көп бөлегінде эпидемиялық жағдайдың жақсаруы, вакцина егудің кеңеюі және «Сандық Ковид-19 сертификатының» таныстырылуы саяхатты оңайлатады. Сол себепті саяхат ескертулері 1 шілдеден бастап өзгерді», делінген министрліктің мәлімдемесінде.
Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас саяхат ескертуінің жойылуын қолдап: «Жағдай жақсарған жерлерде шектемелерді жалғастыру қажетсіз» деді.
Германия Сыртқы істер министрлігі халықтан сырқаттанғандар көп және вирус штамдары байқалған елдерге саяхат жасамауды сұрады.