ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Маңғыстау облысының тұрғындары үшін жем-шөптің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында республиканың басқа өңірлерінен жем-шөп сатып алу жүзеге асырылуда. Соңғы екі аптада 13 мың бау және 92 орам шөп әкелінді. Апта сайын Қостанай облысынан 5 кебек вагоны жеткізіледі.
Жазғы мал жаюды Бейнеу және Қарақия аудандарына тасымалдау жүзеге асырылады. Сондай-ақ, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының аумағына жазғы мал жаю үшін 2260 бас жылқы, 3000 бас қой, 200 түйе және 1010 бас ірі қара мал тасымалданды.
Жергілікті фермерлік шаруашылықтар Ақтөбе және Атырау облыстарының аумағындағы шөптің шабылуын ұйымдастырады. Сондай-ақ, Ақтөбе облысының фермерлік шаруашылықтарының өңірге шөп жеткізу кестесі бекітілді. Шөп сатып алу «Каспий» ӘКК 204 миллион теңге сомасында бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 637 тонна арпаны нарықтық бағадан 17%-ға төмен бағамен сатты. Бүгінде 573 тонна арпа жеткізілді. Бұған қосымша Үкімет резервінен халықтың қыстауы мен Маңғыстау облысының агроқұрылымдары үшін жем сатып алуға 1,9 миллиард теңге бөлінеді.
Қызылорда облысының Арал ауданындағы жағдай да тұрақтанды. Жалпы, азықпен қамтамасыз ету мәселелерін шешуді үйлестіру үшін ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан Республикалық жедел штаб құрылды. Оның құрамына облыстар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары, «Бәйтерек» холдингі мен Азық-түлік корпорациясының қаржыландырушы ұйымдарының басшылары енгізілді.