Экономика • 03 Шілде, 2021

Қазақстанда банкке арналған алғашқы финтех акселераторы іске қосылады

168 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Fintech Hub AIFC Mastercard және Интернет бастамаларын дамыту қорымен (РФ) бірлесе отырып, Қазақстан банктеріне арналған алғашқы финтех акселераторын іске қосады, деп жазады Egemen.kz

Қазақстанда банкке арналған алғашқы финтех акселераторы іске қосылады

«Астана» халықаралық қаржы орталығының жыл сайынғы Astana Finance Days IV конференциясы аясында Mastercard халықаралық төлем жүйесінің қолдауымен корпоративтік инновацияларға арналған панельдік сессия өтті.

Жиынға Mastercard Орталық Азия бойынша бас директоры Рафал Трэпка , ВТБ Акселераторының пилоттық жобаларының жетекшісі Мария Горина,  Ovision компаниясының коммерциялық директоры және тең құрылтайшы Михаил Козлов, Ак Барс банкінің инновациялар жөніндегі директоры Дамир Галиев және  Интернет бастамаларды дамыту қорының корпоративтік бағдарламалар департаментінің директоры Ирина Тарасова қатысты. Олар өз тәжірибесін бөлісіп, қаржылық корпорациялар мен стартаптар арасындағы табысты ынтымақтастық туралы айтты.

Іс-шара барысында АХҚО Fintech Hub Қазақстан банктері үшін алғашқы финтех акселераторының іске қосылғаны туралы хабарлады. Бағдарлама Mastercard және Интернет бастамаларды дамыту қорымен (ФРИИ) бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.

Акселератордың мақсаты - банктердің өзекті бизнес-сұраныстарына Қазақстан мен ТМД елдерінің қаржылық техникалық стартаптарының үздік технологиялық шешімдерін тарту және пилоттау, болашақта стартаптармен жұмыс істеудің жеке бағдарламаларын жүргізу үшін банктердің инновациялық командаларын оқыту, қаржы секторында ашық инновациялар практикасын дамыту және Қазақстан банктерін технологиялық тұрғыда жетілдіру.

«Қазақстан — Mastercard үшін басым нарықтардың бірі. Халықаралық тәжірибемізге, қауіпсіз және сенімді технологияларға сүйене отырып, серіктестеріміздің одан әрі дамуын  қолдаймыз. Мен бұл бірлескен жоба жаңа өнімдер мен қызметтердің пайда болуына ықпал ететініне, инновациялық бизнес-жобалардың қайнар көзіне айналатынына, ал жалпы алғанда қолма-қол ақшасыз экономиканың одан әрі дамуына жәрдемдесетініне сенімдімін», дейді Орталық Азиядағы Mastercard бас директоры Рафал Трэпка.

ФРИИ корпоративтік бағдармалар департаментінің директоры Ирина Тарасованың  айтуынша, бағдарламада жетекші ресейлік корпорациялармен, соның ішінде Ресейдегі ең үздік 20 банкпен жұмыс істеу барысында жинақталған ФРИИ тәжірибесі қолданылады.

«Бұл Қазақстанның финтех ортасында инновациялық жүйені дамытуға пайдалы болатынына сенімдіміз. Бірінші банктік акселератор аясында біз инноваторлар мен бизнес-тапсырыс берушілердің командаларын оқытамыз, банктердің сұранысын тұжырымдауға, стартаптардың тиісті шешімін табуға көмектесеміз», дейді ол.